Маңғыстауда жер сілкінісі тіркелді

Фото: depositphotos/vchalup2
Қазақстандық сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 2321 шақырым қашықтықта, Ресей аумағында орналасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдай министрлігінің “СБЗҰҒО” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 27 тамыз күні Астана уақытымен 01:33-те жер сілкінісін тіркеді. Эпицентр координаттары – 42.925º с.е., 48.765º ш.б. Жер сілкінісінің тереңдігі – 15 шақырым. Жерасты дүмпулері Иран, Қазақстан, Ресей, Грузия, Армения және Әзірбайжан аумақтарында сезілген.
“Есептік қарқыны: Маңғыстау облысында Ақтау қаласынан 209 шақырым қашықтықта – 2 балл. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдай министрлігі.
Ведомство жағдайдың тұрақты екенін хабарлады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген