Лукашенко жаңа "Кеңес үкіметінің" құрылуы туралы айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко түркиялық TRT телерадиокомпаниясына берген сұхбатында Ресеймен арадағы одақ жайлы пікір білдірді. Оның сөзінше, одақ Еуроодақтың қателіктерін ескере отырып, Кеңес үкіметінің жақсы жақтарын өз пайдасына қолданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Украинская правда басылымына сілтеме жасап.

"Бұл одақ дамыған әрі тұрақты болады. Біріншіден, біз Еуроодақтың қателіктерін қайталамаймыз. Ал олардың тәжірибесін тек жақсы бағытта пайдаланамыз.
Екіншіден, біз Кеңес үкіметі құрамынан шықтық. Ол жақта да барлығын қолданып көрдік. Сондықтан біз кеңестік мектептен нені алу керегін, ненің қажетсіз екенін білеміз", – деді Лукашенко.
Президенттің сөзінше, ұйымды құруға арналған нақты мерзім жоқ.
"25, 30 болсын, алдыға белгілі мерзімді қоймайсыз. Барлық мәселелерді шеше отырып, алға жылжимыз", – деп түйіндеді ол.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"