Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина продюсерімен келісім-шартын тоқтатып тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Әнші Луина продюсері Жомарт Сүлейменовпен келісім-шартының алдағы жылдың ақпан айында аяқталатынын және оның әрі қарай ұзартылмайтынын мәлімдеді.

луина_2

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Ресми келісім-шарт тоқтатылады. Алайда Луина мен Жомарт Сүлейменовтің жұмысы әрі қарай өз жалғасын табады. Себебі оларды қызмет қана емес, жеке өмір өзара байланыстырады. Бұған дейін Луина продюсерінің өз сүйіктісі екенін, онымен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұрып жатқанын айтқан еді.

«Ол менің продюсерім болып қала береді. Ендігі мақсатым – тұрмысқа шығып, ана атану», – деп дөп басып айтты Луина.

Жіберіп алмаңыз:

Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады

КешYOU-лік Ақбота өмірлік жар ретінде кімді таңдап алды? (фото)

Кенталдың романтикаға толы бейнебаяны тыңдармандардың жүрегін елжіретті (видео)

Бүркіт неліктен кезінде ұятсыз бейнебаянға түскенін айтып берді (видео)

Талқылау