Лотереядан 19 миллион доллар ұтып алған жігіт атақты банк тонаушысы болып кеткен
Лотереядан 19 миллион доллар ұтып алған америкалық жігіт, 20 жыл өткеннен кейін банк тонаушысы болған.
Бүһұл туралы Stan.kz хабарлайды, The Independent-ке сілтеме жасап.
55 жастағы Джеймс Аллен Хейес 2017 жылы 11 қылмысқа күдікті деп танылды.
Ол банк кассиріне өзінде пистолет барын ескертіп, ақша талап еткен. Осындай жолмен 40 мың доллар ақша ұрлаған.
Джеймс ұсталғанда ұрланған ақшаға алынған PT Cruiser көлігі де тәркіленді.
1998 жылы ол лотереядан 19 миллион доллар ұтып алған. Әйелімен ажырасқаннан кейін ақшаның жартысын оған бөліп берген. Ол өзінде қалған ақшаның көбіне есірткі сатып алған.
Джеймс 2017 жылы қазанда гаражда тұрып жатқан жерінен ұсталды.
Тағы оқыңыз:
Күзетшілер аязды күні жезөкше қыздарды жалаңаш далаға шығарып жіберген (видео)
Жыртқыш киттер дельфиннің денесін бөлшектеп тастады (видео)
Полицейлер кәсіпкердің 260 мың доллар тұратын Ferrari көлігін бұзып, қоқысқа тастады (видео)
Дубайда өзін өлтірмекші болған жігіттен қашқан бойжеткен алтыншы қабаттан секіріп кетті