"Лос-Анджелесте кездескенше": Елдос Сметов президент қабылдауынан кейін желіде жазба қалдырды
Париж олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз алтынды салған Елдос Сметов президент қабылдауынан кейін желіде жазба қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Елдос Сметов АҚШ-тағы олимпиада ойындарына қатысатынын Instagram желісінде жариялады.
“Бүгін мемлекет басшысының қабылдауында болдық. Спорт жолы оңай емес. Бізге әрқашан қолдау білдіріп келген ең алдымен халқыма және мемлекет басшысына ерекше алғыс білдіремін. Жанымнан табылған отбасыма, жаттықтырушыма мың алғыс. Қазақ елі жасасын! Көк туымыз биікте желбіресін. Лос-Анджелесте кездескенше” – деді Сметов.
"Нағыз жігітсің": Тоқаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесіп, Сметовтің жеңісіне тоқталды
Айта кетейік, бұған дейін Елдос Сметов Париждегі дүрмектің нәтижесіне оң баға берген еді.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"

