“Лондонға аттанды”: Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа бет бұрмақ

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев мансабын кәсіби бокста жалғастыру мақсатында Лондонға жол тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны спорт журналисі Аян Төлеген мәлімдеді. Оның айтуынша журналис пен Қамшыбек Қоңқабаев әуежайда жолығып қалған. Әңгіме барысында боксшы кәсіпқой боксқа бе бұруға ниетті екенін, сол мақсатта Лондонға ат басын бұрғанын айтқан.
"Қамшыбек Қоңқабаевты әуежайда кездестірдім. Ол Лондонға бет алған екен. Онда кәсіпқой бокс менеджерлерімен кездесулер жоспарланған. Бұл - жақсы жаңалық. Демек, Қамшыбек әлі де бабында, жеңіске деген аштығын жоғалтпаған. Қамшыбекке сәттілік тілеймін. Әлі де соңғы сөзін айтқан жоқ деген ойдамын", – деді Аян Төлеген.
Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев 2025 жылы мансабын аяқтамағанын, болашақта өзін кәсіпқой бокста сынап көргісі келетінін айтқан еді. Қамшыбек Қоңқабаев Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Сондай-ақ, Азия чемпионатында 4 рет күміс жүлдеге ие болған. 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты