Лола Кәрімова әкесін қолдаған отандастарына алғысын айтты
Өзбекстан президентінің кіші қызы Лола Кәрімова әкесіне саулық тілеген отандастарына алғыс айтты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Шын жүректен отандастарымды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Еңбекқор, талантты және кеңжүректі Өзбекстан халқына бақыт, амандық және өркендеу тілеймін. Қасиетті жерімізде әрқашан тыныштық болсын, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан еліміздегі өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынасымыз нығая берсін дегім келеді», – деп бастады желідегі сөзін Лола Кәрімова-Тилляева.
Әрі қарай Кәрімовтың қызы ауруханада жатқан әкесіне қолдау көрсетіп, жүрекжарды тілектерін арнаған жерлестеріне ризашылығын білдірді.
«Осы сәтті пайдаланып, біздің президентімізге саулық тілеп, жылы лебіздерін, шынайы тілектерін жолдаған жандардың барлығына алғыс айқым келеді. Біз үшін сіздердің қолдауларыңыз маңызды. Кең жүректеріңізден жолданған мейірімділіктің алып күші әкемнің жазылып кетуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Үлкен рахмет сіздерге!» – деп түйіндеді сөзін ол.
Естеріңізге сала кетейік, 78 жастағы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің миына қан құйылып, ауруханаға түскен болатын. Күні кеше БАҚ-тарда оның мезгілсіз қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Президенттің туыстары мұны теріске шығарғанымен, Өзбекстандағы «Ферғана» басылымының редакторы жазылған ақпаратты растайтын сенімді дереккөздері бар екендігін айтқан. Сондай-ақ, ауруханада жатқан Кәрімовты халыққа көрсетуді талап еткен еді.
Жіберіп алмаңыз:
Өзбекстанда тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шаралар тоқтатылды
Өзбекстандық шенділер Кәрімовтің резиденциясында жезөкшелермен төсектес болған
Назарбаев: Мен Сізбен достығымды, қазақ пен өзбек халқының достығын мақтан тұтамын