Лох-Несс көлінің туристі балаларымен жүрген 12 метрлік құбыжық туралы айтты (видео)
АҚШ-тың Айдахо қаласынының тұрғыны Дакота Фрэндсен Лох-Несс көлінен 12 метрлік құбыжықты видеоға түсіріп алған. Лох-Несс көлі Шотландия тауларындағы Аркарт қамалының маңында орналасқан.
Бұл туралы Mirror хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Френдсеннің айтуынша, үлкен жануардан басқа, ол бірнеше кішігірім пішіндерді де байқаған. Ол белгісіз тіршілік иесінің балаларына ұқсайды.
«Жануардың терісі сұр түсті, дәл бегемот секілді. Сол сияқты басқа жануарлар да судың бетіне шығып, артынша тез жоғалып кетті», – дейді турист.
«Суда көп жануарлар Несси және оның отбасы болуы мүмкін», – деді Лох Несс өзеніндегі құбыжықтарды ресми тіркеуші Гэри Кэмпбелл.
2017 жылы туристер осымен он бірінші рет құбыжық көргендерін айтты. Бұл сан 21 ғасырдағы ең жоғарғы көрсеткіш болды.
Лох Несс – Шотландиядағы мұздан қалыптасқан терең тұщы су көлі. Су қоймасының ұзындығы 36 шақырымды құрайды. Лох Несс көлінің тереңдігінде құбыжық бар деген аңыз туристер арасында жиі таныла бастады.
Оқи отырыңыз:
18 жастағы қыз лотереядан өмірінің соңына дейін жетерлік ақша ұтып алды
ОҚО-дағы Наутсай шатқалына қар барысы келді (видео)
Адам денесінен қауіпті аурулардан қорғайтын ағза табылды
Facebook қолданушылары BFF сөзі арқылы парақшаларының қауіпсіздігін тексермекші болды