Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ливерпуль” жанкүйерлерін көлігімен соққан ер адам 21 жылға сотталды

қайғылы оқиғаФото:Getty images

2025 жылдың мамыр айында Англияның Ливерпуль қаласында өткен чемпиондық парад қайғылы оқиғамен аяқталған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хаабарлайды.

Кешкі уақытта "Ливерпуль" футбол клубының жанкүйерлері команданың жеңісін тойлау үшін қала орталығына жиналған.

Сол сәтте белгісіз ер адам жанкүйерлер жиналған топтың арасына көлікпен кіріп кетіп, ондаған адамды жарақаттады.

Халықаралық ақпарат көздерінің мәліметінше, оқиға салдарынан 130-дан астам адам зардап шеккен. Олардың арасында тіпті алты айлық сәби де бар. Ал алғашқы деректерде 47 адамның жараланғаны, 20 адамның ауруханаға жеткізілгені хабарланған.

Аталған оқиға бойынша сот үкімі шықты. 54 жастағы Пол Дойл 21 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот отырысында Пол Дойл өзіне тағылған 31 айыптың барлығын мойындады. Айыптау баптарының қатарында адамдарға қасақана ауыр дене жарақатын келтіру, қауіпті жағдайда көлік жүргізу және қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу бар.

Істі қараған судья Эндрю Менэри айыпталушының әрекетін ақылға сыймайтын ашу-ызадан туындаған әрекет деп бағалап, бейбіт жиынға қатысқан адамдарға үрей мен дүрбелең туғызғанын атап өтті.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 18 Желтоқсан, 2025 12:04