Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бостандықтарынан айырылуы мүмкін
“Адам ұрлады” деген күдікке ілінген танымал кәсіпкер Лилия Рах пен үш сыбайласының қылмысы дәлелденсе, 7 жылдан 12 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін.
Бұл туралы Астана арнасы хабаралйды.
Қылмыстық кодекстің «адам ұрлау» бабы осындай жазаны қарастырады. Қазір сән әлемінің мықтылары: Лилия Рах, Мири Паз, Бақыт Шалабаев және Ислам Мисиров уақытша тергеу изоляторында отыр. Олар мұнда қыркүйектің соңына дейін отырмақ.Алмалы аудандық сотының өкілдері арнамызға мәлім еткендей, Лилия Рах пен Мири Паздың қорғаушылары соттан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануын сұраған. Бірақ сот олардың өтініштерін қабылдамады.
Еске салайық, алматылық кәсіпкер Лилия Рах “Адам ұрлады” деген күдікке ілінген болатын. Қалалық ішкі істер департаментінің ақпарынша, танымал дизайнер үш сыбайласымен 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде зорлықпен ұстап отырған.
“Бұл өтініш хатты қанағаттандырусыз қалдырды және соттың шешімі жаңағы қорғаушылармен шағымданып, Алматы қалалық сотына шағымданып, 9 тамызда апелляциялық сатыда атқарылып, олардың берген хаттары қанағаттандырусыз қалдырылып, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының қаулысы күшінде қалдырылды”, – деді Алмалы аудандық сотының бас маманы Нұрлыбек Оралбеков.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда қазақстандық кәсіпкер Лилия Рахтыңтұтқындалғаны жайында хабарланған болатын. 2016 жылдың 9 шілдесінде Алматы полициясына 33-жастағы Өзбекстан азаматының жоғалғаны жайында шағым түсірген. Құқық қорғау органдары ер адамның ұрланғанын және оны жалдамалы пәтерде ұстағанын анықтаған еді. Соттың мәліметінше, Лилия Рахпен бірге Carmen зергерлік үйінің иесі Мири Паз және Ислам Месиров есімді азамат екі айға қамауға алынды. Сонымен қатар, адам ұрлау Алматы әуежайында жүзеге асқаны мәлім болды.
Жіберіп алмаңыз:
Алматы полициясы танымал кәсіпкер Лилия Рахтың неліктен тұтқындалғанын ресми хабарлады
Тұтқындалған белгілі кәсіпкер Лилия Рах туралы не білеміз (фото)