Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұтқындалған белгілі кәсіпкер Лилия Рах туралы не білеміз (фото)

Күні кеше танымал  Лилия Рахтың тұтқындалуы туралы жаңалық барша сән әлемін дүрліктірді. Осыған орай, еліміздегі ең стильді киінетін әйел туралы қызықты мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.

новый коллаж

Фото: instagram.com/liliya_rakh_official/

Лилия Робертқызы Рах 53 жаста. Ол Семей педагогикалық институтын физика-математика мамандығы бойынша тәмамдаған. Сән саласында 1988 жылдан бері жүр. 1996 жылдан бастап Қазақстан нарығында жұмыс істеп келеді. Байер әкесіз өскен екен. Ал анасы қатал адам болған көрінеді.

“Ішімде ата-анасының махаббатына зәру кішкене қыз өмір сүреді. Ол қыз дәл қазір осының барлығын қайта қалпына келтіріп, айналасын махаббатқа бөлегісі келеді. Мұнымен қатар, мен Кеңес Өкіметі құлаған соң тірі қалу үшін барлық амалды жасаған әйелмін. 90-ж қолыңа кішкене ұлыңды алып, физика пәнінен сабақ берудің қаншалықты қиынға соққанын түсінесіз бе? Тәулігіне үш сағат қана ұйықтайтынмын. Ұлымды күніне 20 минут қана көремін. Менде ғана емес, мұндай күн тәртібі барлық танысымда болды. Есесіне қиын-қыстау кезеңде бір-бірімізге қол ұшын созып, көмектесуді үйрендік”, – дейді Рах өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

6

Сәнге деген қызығушылығы бала күнінен пайда болған екен. Бұл қасиеті анасынан дарыса керек.

image

“Мен ауылда өстім. Анам үнемі өзгелерден ерекшеленіп тұрғанымды қалайтын. Ал қыздар киіміме қарап, мені “қалалық сәнқой” деп атайтын. Сол кезде ренжіп, қатты жылайтын едім. Қазір тек қана қуанамын. Сәнді, стильді дүниелерге деген қызығушылығым сонау 6 жасымнан басталған. Анам бұл қылығыма түсіністікпен қарайтын. Ол ауыл адамы болғанымен, әпкем екеуімізді әдемі киіндіргенді ұнататын. Бізге өз қолымен киім тігіп беретін”, – дейді Лилия.

4

“Лилияның екі баласы бар. Ұлы 25, ал қызы 8 жаста. Отандық журналдардың біріне берген сұхбатында Рах балаларын қолда бардың қадірін білуге үйреткенін айтқан болатын. Сондықтан балалары аса көп еркелемейді екен.

pogudx2etskho25h6g

“Мына жағдай есімде. Балам 6 жаста болатын. Ол кезде дайындық сыныбында оқып жүрген-ді. 8 наурыз мерекесінде барлық балақайлар өздерінің аналары туралы: “Менің анам сүйкімді, ең сұлу, тамаша” деп айтып жатты. Ал менің 6 жастағы ұлым: “Менің анам өте еңбекқор” деді. Сенесіздер ме? Ол алты жасының өзінде менің бар ақшамды маңдай теріммен тауып жүргенімді түсінді”, – дейді Рах.

3

Лилия Рах әлемдік деңгейде танымал Dior, Oscar de la Renta, Marc Jacobs, Prada, Alexander McQueen, TOD’s, Gianfranco Ferre, Valentino, Roberto Cavalli, Missoni, Chloe, Ralph Rucci  сынды брендтердің киімі сатылатын Алматы қаласында 13, Астана қаласында 2 дүкен ашқан. Ол елімізде ғана емес, шетелде де танымал.

5

2015 жылы Business of Fashion интернет-басылымы сән әлеміндегі ықпалды 500 адамның тізімін жариялады. Аталған тізімнің ішінде алғаш рет қазақстандықтың есімі аталды. Ол Лилия Рах болатын. Ал 2016 жылы америкалық Vogue журналына шықты.

2

Лилия Рах өзі ұйымдастыратын салтанатты шаралар туралы былай дейді: “Салтанатты шараға көп ақша жұмсаудың неге қажеті жоқ? Оның орнына маркетинг пен жарнамаға ақша жұмсап, журнал шығарған дұрыс шығар? Келіспеймін. Мен қонақтарды променадқа жіберуді жоспарлап жүрмін – әдемі көйлектер, классикалық әуен, қазақстандық және ресейлік суретшілер картиналарының көрмесі, қайырымдылық аукционы болады. Адамдардың өнер туындыларының арасында жүріп түрлі идеяларымен, маңызды ойларымен бөліскендерін қалаймын. Кино мен кітаптар туралы әңгімелессе екен деймін”.

14073012_1573482359620299_1145521998_n

Лилия Рах осы  жылдың 23 тамызында Алматы қаласында тұтқындалды. Соттың дерегі бойынша, Лилия Рах ҚР Қылмыстық кодексінің “Адамдар тобының алдын ала сөз байласып, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып, пайдакүнемдік ниетпен адам ұрлауы” деп аталатын бабы бойынша күдікті деп танылды.

12394059_999599943433949_1245622172_n

Лилияны жақсы танитын адамдар ол мұндай жағдайға тап болады екен деп ойламаған екен. “Біз бірге жұмыс істедік. Бірақ мұндай қулық-сұмдықты оның бойынан байқаған емеспін. Барлығына жақсылық тілеп, үнемі көңілді жүретін әйел деп айта аламын. Бірақ бизнес мәселесіне келген талабы жоғары және өте қатал. Сән әлемінде бұлай болмасқа амал жоқ”, – дейді сән саласының журналисі Руслан Газямов.

“Асығыс шешім шығармауларыңызды өтініп сұраймын. Халқымызды шетелге таныту үшін тер төккен Лилия бұған лайық емес. Естеріңізде болсын, ол бірінші кезекте, әйел, ана, аяулы жар және адал дос! Сіздер оған ғана емес, оның жақындарына кесірлеріңізді тигізіп жатырсыздар. Түсіністікпен қарап, сабыр танытасыздар деген үміттемін. Ал кінәлі адамдар өз жазасын алады!” – дейді қазақстандық танымал сәнгер Алекс Чжен.

Әріптесінің осы сөздерін Әсел Зоя да қолдай түсті. “Алекс Чженнің сөздерімен толық қосыламын. Айыпты екені анықталмаса да, тас лақтыру бұрыннан бар әдетіміз ғой. Бірақ адамдар “Өзгелерді сынамаңыздар. Сол кезде сіздер де Жаратқанның қаһарына ілікпейсіздер” деген сөздердің жаны бар. Ол кінәлі екені әлі анықталған жоқ. Ал оның еліміздің сән саласының дамуына үлкен үлес қосқаны айдан анық. Өз саласында білікті маманға айналып, құрметке ие болды. Мәселенің анық-қанығын әділ төрелер шешсін!” – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Бондаж стиліндегі жапондық купальниктер биылғы жаздың сәніне айналды (фото)

Биылғы жазда қарынды қыздар сәнді деп саналады (фото)

90-жылдардағы сән үлгілерінің қазіргі заманға қайта оралғанына сурет-дәлелдер (фото)

Сәнбике миллионер жігітін өлтіргені үшін айыпталды

Талқылау