AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

LG Objet Collection: Заманауи ауысымды дизайнға ие премиумдық тұрмыстық техника

LG Objet Collection премиум желісі "заманауи тұрмыстық техника мен дизайнерлік жиһаз арасындағы шекараны өшіруге" арналған. LG Object Collection сериясында премиум деңгейдегі тоңазытқыштар мен мұздатқыштар салқындату мен энергияны үнемдеудің жаңа технологиялары заманауи бапталған дизайнмен үйлесімді үлгіде жасалған.

LG Object Collection өнімдері ақшыл сары немесе күміс түсті шыны панельдермен безендірілген, оларды, қалауыңыз бойынша, жалбыз түсті панельдерін қосымша сатып алсаңыз, LG сервис орталығында тегін орнату қызметін рәсімдеу арқылы ауыстыруға болады. LG Objet Collection желісінің бірнеше бұйымын сатып алсаңыз, мысалы, тоңазытқыш пен мұздатқыш, панельдерді бірегей түс комбинацияларын жасау арқылы құрамдастыруға болады.

LG Object Collection сериясының басты әшекейі көпшілікке ұнап қалған InstaView™️ технологиясымен жабдықталған, яғни есікті ашпай-ақ тоңазытқыштың ішіндегісін көруге мүмкіндік беретін LG Objet GR-X24FQEKM көп есікті тоңазытқышы. Реңктік әйнекті жәй ғана шерту арқылы тоңазытқыштың ішкі жарықтандыруын қосып, ішіндегісін көруге болады. 
 

Сондай-ақ LG Objet InstaView™️ көп есікті тоңазытқышы ауадағы зиянды заттар-ды сүзгіден өткізетін және 99,9%-ға дейін бактериялар мен микробтарды өлтіріп, LG HygieneFresh+™️ функциясының көмегімен жағымсыз иістерден құтылуға мүмкіндік береді. Азық-түлік балғындығын ұзақ уақыт сақтауды минималды ауытқулармен дәл температураны ұстап тұратын LINEAR Cooling™️ жүйесі қамтамасыз етеді. Door Cooling+™️ технологиясы тоңазытқыш камерасының ішінде, сонымен қатар есік себеттерінің бетінде біркелкі және жылдам салқындатуды қамтамасыз етеді.

LG Objet GC-B401FAPM (күміс реңк) және LG Objet GC-B404FEPM (ақшыл сары реңк) тоңазытқыштары есік себеттерін қосымша суыта отырып, камераның жоғарғы бөлігінде суық ауа беру үшін DoorCooling+™️ технологиясының артықшылықтарын қолданады. Fresh Balancer™️ технологиясымен жабдықталған жәшік ылғалдылық деңгейін азық-түлік түрлеріне сәйкес бақылауды қамтамасыз етеді.

Ас үй жинағын LG Objet GC-B404FAQM (күміс) немесе LG Objet GC-B404FEQM (ақшыл сары) камераларымен толықтыруға болады. Олардың ауыспалы панельдері бар, әрі басқа LG Objet Collection құрылғыларымен мінсіз үйлеседі. Бұл мұздатқыштардың ішкі камераларының көлемі ұлғайтылған және Express Freeze ауаны жылдам мұздату функциясымен жабдықталған. 
 

LG ObjectCollection барлық модельдері LG ThinQ™️ ақылды үй жүйесімен қашықтан басқару қызметімен қамтылған. Бұл пайдалы хабарландырулар алуға, температураны және мұздату режимін өзгертуге немесе диагностиканы қосуға мүмкіндік береді.

Материалды LG Magazine ұсынды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр