Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

LG CordZero™ A9 сериялы сымсыз тік шаңсорғыштар: Еш қиындықсыз үй тазалығы

Әдетте көп уақыт пен күшті қажет ететін үй тазалауды танымал A9 сериясындағы LG CordZero™ сымсыз шаңсорғыштар сияқты заманауи үй көмекшілерінің арқасында айтарлықтай жеңілдетуге болады. Шатасып жатқан сымдар мен ебедейсіз шлангтардың жоқтығы тазалау жұмысын жеңілдетеді, сонымен қатар ол кез-келген шаң мен қоқысты мұқият тазалайды.

Өндірушінің 10 жылдық кепілдігімен қамтамасыз етілген барлық заманауи LG CordZero™ A9 шаңсорғыштары қуатты инверторлы LG Smart Inverter Motor қозғалтқышымен жабдықталған. Ол Axial Turbo Cyclone™ технологиясын пайдалана отырып, шаң мен қоқысты вакуумдық циклон камераларының ішінде әртүрлі бөлшектерге тиімді түрде бөлетін қуатты құйын жасайды.

LG CordZero™ A9 сериялы шаңсорғыштар көлік интерьері немесе компьютер пернетақтасы сияқты қол жетпейтін жерлерді де тазалауға мүмкіндік беретін әртүрлі ауыстырылатын саптамалармен бірге келеді. Режимді бір қолмен ауыстыруға болатын Opti-balanced тұтқасы және пайдаланушының бойына қарай реттелетін, тіпті төбенің бұрыштарына оңай жетуге мүмкіндік беретін реттелетін телескопиялық түтік сіздің жұмысыңызды жеңілдете түседі.

Өзінің көрнекті дизайны мен озық технологиясы үшін LG Objet Collection премиум-тұрмыстық техникалар қатарына енгізілген ең жаңа флагмандық LG CordZero™ Kompressor™ A9T-ULTRA2 шаңсорғышын енді Қазақстанда да сатып алуға болады. Сымбаттылығы мен ауыстырылатын саптамалардың ең толық жиынтығынан басқа, бұл модельдің ерекшелігі All-in-One™ көп функционалды ықшам станциясының толық жиынтығы болып табылады.

Бұл кербез станция – инженерлік өнер туындысы. Ол шаңсорғышты жинаққа кіретін саптамалармен бірге кез-келген ыңғайлы жерде сақтауға мүмкіндік береді, оны керек-жарақтарға арналған тірек ретінде де пайдалануға болады, сонымен қатар ол бір мезгілде екі ауыстырылатын батареянықуаттай алады.

Станцияға шаңсорғышты орнатқанда, ол шаң контейнерін жанаспастан автоматты түрде тазартады, уақытты үнемдейді және жиналған шаңмен байланыс болмауын қамтамасыз етеді. Шаңсорғыш қуатталып жатқанда, станцияға орнатылған UVC жарықдиодты ультракүлгін жарық көзі шаң дорбасының ішінде бактериялардың таралуына жол бермей, оны 2 сағат бойы зарарсыздандырады.

Осы сериядағы тағы бір флагмандық – LG CordZero™ Kompressor™ A9K-MAX1 қабырғаға, еденге тік және көлденең үш орналастыру опциясы бар, әмбебап қуаттау станциясымен бірге келеді.

Екі флагмандық Kompressor™ технологиясын қолдайды, ол шаң жинағыштағы шаң мен қоқысты арнайы қалақшамен қысып, оларды 2,4 есеге дейін азайтады. LG CordZero ™ A9T-ULTRA2 және A9K-MAX1 құрылғыларындағы ауаны тазарту 0,3 микрон көлеміндегі шаңды 99,97%-ға1 дейін ұстап тұратын 5 сатылы сүзу жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Екі флагмандық шаңсорғыш та 200 Вт-қа дейінгі жоғары сору қуатын ұсынады, ал қосалқы екі ауыстырылатын литий-ионды батареялар бір зарядта 120 минутқа дейін жұмыс істей береді.

A9T-ULTRA2 бір уақытта құрғақ және дымқыл тазалауға арналған Power Drive Mop™ құрылғысымен, сондай-ақ аралас 1-де 2, қуысты жерлерге арналған, кілемдер мен қатты беттерге арналған, электр жетегі бар әмбебап Slim Power Drive Nozzle™ және үй жануарларының қылшығын тазалауға арналған Power Drive Mini-мен жабдықталған. A9K-MAX1 Slim Power Dirve™ қолданбасын қоспағанда, ұқсас қосымшалармен бірге жеткізіледі.

Флагмандық шаңсорғыштары LG смарт үй экожүйесіне қосылу мүмкіндігімен Wi-Fi-ды қолдайды. LG ThinQ™ қолданбасын іске қосқанда, пайдаланушы сүзгіні тазалау немесе батареяны зарядтау қажет болғанда хабарландырулар ала алады, сонымен қатар тазалау журналын жүргізіп, қашықтан диагностика жүргізе алады.

Қазақстанда 160 Вт-қа дейінгі сору қуаты бар LG CordZero™ A9N-PRIME және A9N-CORE сымсыз тік шаңсорғыштары тұтынушылар үшін қолжетімді. Олар бір қуатты литий-ионды аккумулятормен жабдықталған, оның қуаты қалыпты режимде 50 минутқа дейін тазалауға жеткілікті.

LG A9N-CORE моделі үш орналастыру опциясы бар әмбебап зарядтау станциясымен жабдықталған, LG A9N-PRIME зарядтау станциясында қабырға бекіткіштері бар. Екі модельде жиһазға және шаңды тазалауға арналған 1-де 2 қуысқа арналған саптамасы және кілемдерге арналған Power Drive™ құрылғысы, ал A9N-CORE қосымша Power Drive™ еден саптамасымен келеді.

Осы үлгілері – жоғары айналу жылдамдығы бар LG Inverter Motor инверторлы қозғалтқышы, вакуумдық циклондар ішінде шағын жылдам ауа ағынын жасау үшін AEROSCIENCE™, ауаның қуатты шағын құйындарының арқасында шаң бөлшектерін бөлуге арналған Axial Turbo Cyclone™, сондай-ақ көп сатылы сүзу жүйесі сияқты үйді сапалы тазалауға арналған LG технологияларын қолдайды.

Жеңіл әрі ыңғайлы LG CordZero™ A9 сериялы шаңсорғыштар - жалпы тазалауға, экспресс режиміндегі ластанған шағын аумақты үлкен үйді немесе көп бөлмелі пәтерді, сондай-ақ ықшам студияны тазалауға ыңғайлы.  A9 шаңсорғышының сымбатты көрінісі және оны сақтауға ыңғайлықуаттау станциясы кез-келген заманауи интерьерді тамаша толықтырады. 

# # #

ASTM F1977-04 (2017) Шаңсорғыштардың стандартты жүйесінің сүзу тиімділігі сынағы, турбо режимімен расталған. Сүзу тиімділігі жағдайларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.