Левит: Сыйақымды жұмсауға уақытым жоқ
Василий Левит Олимпиададан алған сыйақысын жұмсауға уақыты жоқ екенін мәлімдеді.
Бұл туралы Егемен Қазақстан газеті жазды.
«Шынымды айтсам, сыйақымды әлі жұмсаған жоқпын. Ол жағын ойлайтын менің тіпті, уақытым да жоқ. Ойымды бөлмес үшін бұл істі кейінге шегеріп қойдым. Қазір көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Бізді назардан тыс қалдырмай, кішкентай да болсын еңбегімізді бағалап жатқаны қуантады. Алғысымнан басқа айтарым жоқ», – деді Василий Левит.
Бұған дейін Василий Левит пен Əділбек Ниязымбетов 34 млн теңгеден алғанын хабарлаған едік.
Ол сондай-ақ, жаңа жылға арналған фильмнің съемкасы туралы да айтып берді.
«Мен өзіме қатысты эпизодтарға түстім. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Әрине, өзімді актермін деп айта алмаймын. Мен неғұрлым спортқа жақынырақпын», – деді ол.
Бұдан бөлек, ол қазақстандық боксшылардың алдағы жоспарлары туралы айтуды да естен шығармады. «Командамыз осы айда Сарыағашта жиналады, ал келесі айда Алматыда жалпы-физикалық дайындығымызды бастаймыз. Жекпе-жектер мәселесі әлі шешілген жоқ, ол жағы жаттықтырушылардың қолында», – деді Олимпиаданың күміс жүлдегері.
Жіберіп алмаңыз:
Боксшы Левит жетім балаға арнап білім беру депозитін ашты
Әлемдегі ең бай спортшылар кімдер
“Ағайынды төртеу” лақап атымен жүрген қылмыстық топтың серкесі спортшыларға демеуші болып келген