Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Василий Левит пен Əділбек Ниязымбетов 34 млн теңгеден алды

Бүгін Қазақстан бокс федерацияның президенті Тимур Құлыбаев Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовке 34 млн теңгеден сыйақысын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

20161208153849 (1)

“Бүгін ең бір керемет рәсімді өткізгелі отырмын. Жаз кезінде жанкүйерлердің бәрі спортшыларымыз үшін жанын салды. Василидің өнерін отандастарымыз ғана емес, әлем халқы да, сарапшылар да қолдады. Левиттің жеңгені айқын болды. Бірақ өзі азаматқа тән мінезін сақтап ешкіммен дауласпды. Әділбек те жақсы ойын көрсетіп, күміс жүлдені еншіледі. Бірақ, жанкүйерлеріміз оның да өнерін жоғары бағалады. Елбасымыздың тапсырмасымен екі спортшымызға чемпионға лайық сый тағайындалды”, – деді жүлдені тапсырғанҰлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаев.

Боксшылар бұған дейін 150 мың доллар алған еді. Бүгінгі 100 мың долларын қосып есептесек, спортшылар Олимпиада алтынына тең 250 мың доллар көлемінде жүлде алып отыр.

«Жеңісімізді алтынға теңеген елбасы Нұрсұлтан Əбішұлына, Василий екеуміздің еңбегімізді бағалаған Сізге шын көңілден рақмет айтамын»,-деді Ниязымбетов.

Əріптесінің сөзін жалғастырған Василий Левит: «Менің финалдағы ойынымнан кейін ең бірінші хабарласып, жоғары баға берген адамдардың бірі сіз (Тимур Құлыбаев – агенттік) едіңіз. Елбасы мен Ұлттық Олимпиада комитетінің бұл шешіміне қарап, Қазақстан Олимпиада рухындағы ел жəне спортта тек əділдікті жақсы көретін мемлекет екенін байқауға болады. Сондай-ақ, жанкүйерлеріме айтар алғысым шексіз. Менің əр жеңісімде жанкүйерлерімнің қолдауы бар»,- деген ойын білдірді.

Еске сала кетсек, Василий Левит Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанған еді. Ол финалда ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, қазылар шешімімен 3:0 есебімен жеңілген. Левиттің жекпе-жек бойына басым болып, қарсыласының соққының астына ала тұра жеңілуіжанкүйерлер мен спорт мамандарының ашуын тудырған.

Чемпиондарды қабылдаған президент күміс жүлде алған Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левитті “олимпиада чемпионы” деп есептеу керектігін айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Боксшы Левит жетім балаға арнап білім беру депозитін ашты

Әлемдегі ең бай спортшылар кімдер

“Ағайынды төртеу” лақап атымен жүрген қылмыстық топтың серкесі спортшыларға демеуші болып келген

Төлқұжат кеңсесі “көзі жұмулы” азиат жігітінің суретін қабылдамай қойған

Талқылау