AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: Тұрсынбек те, жұбайы да біліп тұрып, қызын қылмысқа итермеледі дегенге сенбеймін

Ләйлә Сұлтанқызы басы дауға қалған Тұрсынбек Қабатовқа қатысты өз ойын айтты. Тележүргізуші қыздың құжатын таратып, заңсыз әрекетке барғандарға шүйлікті. Ол болып жатқан оқиға қызға моральдық-психологиялық тұрғыдан ауыр тиетінін айтып, алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Қыздың жеке куәлігін репост жасап, ары қарай тарату заңсыз әрекет.
Моральдық, психологиялық тұрғысынан  кибербуллинг жасалуда. Қыздың оны қалай көтеретінін ешкім білмейді. Құдай бетін ары қылсын, ертең ол қызға бірнәрсе болса кім жауапты?

Танымал, не ақшасы бар адамдарды жек көру, жиіркенішті көрсету, өткенін қазбалау бұл комплекс пе, әлде жаңа тренд пе? Екінің бірі қазір сыщик, екінің бірі әділдік орнататын "патриот". 

Сот ісі жүріп жатыр, іс қаралып жатыр, құпиялылық қайда? Сабырлық танытып, екі тарапты тыңдау ше?


Нұр-Сұлтандық білім басқармасы Тұрсынбек Қабатовтың қызын жақтап шықты


Қандай жағдай болмасын Тұрсынбек те жұбайы да біліп тұрып, қылмысқа қызын итермеледі дегенге СЕНБЕЙМІН!", – деп жазды тележүргізуші Telegram арнасында. 

Сұлтанқызы бұдан кейін Тұрсынбектің мән-жайды түсіндірген видеосын көргенін айтады. Тележұлдыз қыздың орнына расында басқа адам кіргеніне көз жеткізген. Алайда ештеңеге қарамастан, тележүргізуші Қабатовтар жанұясына қолдау білдірді.

"Керемет ойнап шықтың деп жатсыздар, бүгін бірнеше миллион айыппұл төлеуі мүмкін деген ақпаратты да оқыдым. Қайыры уақыт өте  реттеледі ғой бәрі, кінәлі адам жазасын алар. 

Басқа мәселе бар, бізде баланың орны, құқығы, қызығушылығы, құны жоқ сияқты. Құндылығы ше? 

Ең қорқыныштысы, еліміз бала арасындағы суицид  бойынша 193 мемлекеттің ішінде 8 орында. Рамазанованы ФБ оқысаңыз, түсінесіз бірден.

Тұрсынбек те Мөлдір де баласы үшін бәріне шыдайды. Оларға қазір барынша қызының көңілін аулау, интернеттен алыстату маңызды. 

Құдай қаласа, ертең ол қыз шетелге оқуға түсіп, елімізге керек мықты маман болады. Ертең мықты дәрігер болып, балаңызды өлім аузынан құтқарып қалса, сіз бүгін жазған "оңбаған, сорлы, өліп қал" деген сөздеріңізге өкінбейсіз бе? 

Әдемінің өмірге деген, адамдарға деген сүйіспеншілігі ешуақытта өшпесін деп тілеймін. Жақсы адамдар ӨТЕ көп", – деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетсек, бұған дейін заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан болатын. Бұған байланысты қазақстандықтардың оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті. Оқиға жайлы әзілкештің өзі де пікір білдірген болатын. Ал бірқатар өнер майталмандары Тұрсынбекке қолдау білдірген еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр