Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Осы ма кәсіби журналист?" Ләйлә Сұлтанқызы сұхбат барысында қойған сұрақтары үшін сынның астында қалды

Ләйлә Сұлтанқызы мен Жанель Мақажан сұхбаты үшін сынға қалдыФото: https://www.instagram.com/sultankyzy

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзі жүргізетін “LS Stories” подкастында білдірген пікірі үшін сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол подкасттың кезекті шығарылымына жұлдызды жұп Абай Асылхан мен Жанель Мақажанды қонақ етіп шақырған. Актриса күйеуінің тазалыққа ерекше мән беретінін, ал өзінің бұл тұрғыда оған ұқсамайтынын жеткізді. Ал Ләйлә Сұлтанқызы “Сен сонда боссың, былжырақсың. “Мұны қабылдаймын, бірақ өзгермеймін, мені осылай қабылдасын” десеңші. Дастарқанды жинауға білім алу керек пе?” деп айтады. Сондай-ақ ол өнер иесінен бұрынғы күйеуінің есімін сұрады.

Бұл жұрттың жаппай наразылығын тудырды. Қазақстандықтар видеоға түрлі пікір жаудырып, тіпті Threads-желісінде жазба жариялап жатыр.

Мәселен Бақытжан есімді қолданушы тележүргізуші 25 жылдық тәжірибесіне қарамастан, қонаққа орынды сұрақ қоюды білмейтінін алға тартқан.

“Құрметті, Ләйлә ханым, телевизияда жүргеніңізге 25 жылдан астам уақыт өтті, әлі күнге дейін қонаққа қандай сұрақ қою керегін білмейсіз. Анаңыз қандай сұрақ оқитынын білдіңіз ғой, алдын ала келісіп алуға болмады ма? Адамның өткен өмірін неге қозғайсыздар? Өткен өтті, кетті, болды. Абайдың намысына тиеді деп ойламайсыз ба? Журналистік этика қайда? Сізге де өткенді қазбалап, “Өз ойым” бағдарламасындағы оқиға туралы сұрақ қойса қалай қарайсыз? Бұл өмірде кім қателеспейді?” – деп жазған ол.

Ләйлә Сұлтанқызы Threads жазба хейт

Бұл пікірге тағы бір қолданушы қосылған.

“Ләйлә этикет дегеннен жұрдай екенін көрсетіп қойды. Мынау не сұрақ?” – деп жазған ол.

Аиша есімді қолданушы подкастты тыңдау барысында Ләйлә Сұлтанқызыны үшін ұялғанын жазған.

“Бұл бағдарламаны алғаш көруім. Оны Жанель мен Абай үшін көрейін деп шештім. Бірақ Ләйлә Сұлтанқызының кейбір сұрақтарынан өзім ыңғайсызданып, ұялып отырдым. Абай мен Жанель сұрақтар қанша ауыр болса да, мейлінше сабырмен, көркем түрде жауап беріп отырды. Құрметті журналистер, қаралым жинаймыз деп адамның қытығына тиетін, орындық сұрақ қою қате сияқты”, – деп жазған ол.

Ләйлә Сұлтанқызы Threads жазба хейт

Келесі қолданушы Ләйлә Сұлтанқызына подкастты жабу орынды болар еді деп жазды

“Сұмдық қой. Этика, мәдениет, әдеп, сұхбат жүргізудің қандай да бір ережелері, журналистиканың өз заңдары бар емес пе? Ер адамның жүзіне қараңызшы, сіздің сұрақтарыңыздан абдырап, ыңғайсызданып отыр. Осындай “өсек” сұрақтарды немесе ойсыз сауалдарды қоюдың орнына, бағдарламаңызды жапқаныңыз дұрыс сияқты. Қонақтардың алдында сіздің сұрақтарыңыз үшін ұялып, қатты ыңғайсыздандым. Қасында қазіргі жұбайы отырған кезде бұрынғы күйеуінің атын сұрауға қалай дәтіңіз барды? Әдеп қайда?” – деп жазған ол.

Медина есімді қолданушы Ләйлә Сұлтанқызы еліміздің жетекші сұхбат жүргізушілерінің бірі болса да, тұрпайы сұрақ қойғанына таңданды.

“Ләйләнің әрекеті қатты ашуландырды. Бұл қалай кәсіби журналист болады?! Адамда әдеп, жеке шекараны сақтау деген нәрсе болуы керек қой. Базарда өсек айтып отырған адам сияқты көрінді. Хайп керек екенін түсінемін, бірақ осындай жолмен бе? Сіз еліміздің жетекші сұхбат жүргізушілерінің бірісіз, неге деңгейден төмен, аса тұрпайы сұрақтарға дейін түсіп кетесіз?” – деп жазған ол.

Ләйлә Сұлтанқызы Threads жазба хейт

“Ләйлә ханымның сұрағы өте орынсыз болды. Бұрынғы жұбайы туралы мүлде сұрауға болмайды ғой қайта тұрмыс құрған жаннан”, “Отбасыға іріткі салғысы келді ма не болды? Екеуі жарады салмақты, пайымды жауап қайтарып”, “Бұрынғы күйеу деп аты айтып тұр ғой. Ажырасқаннан кейін екі адам бір-біріне бөтен, сондықтан бұрынғы күйеу, әйел секілді сұрақтар қоюға болмайды”, – деп жазған өзге қолданушылар.

Кейбір қолданушылар журналистің бұрыннан осындай екенін айтқан.

“Ләйлә Сұлтанқызы бұрыннан осындай адам. Оны мұқият бақылап жүргендер біледі. Негізі қазақстандық тоқалдарда байқасаң, көбісі бақытсыз, ашушаң адамдар”, “Ол бұрыннан осындай ғой”, “Ол баяғыдан осындай. Сұхбатты да үнемі осылай жүргізеді. Нұрболханмен соттасқан кезде тынышталып еді”, “Ләйлә 2000 жылдардан бері орынсыз сұрақтар қойып, жеке пікірін қосып отыратынын байқаймын””, “Ләйлә бұрыннан осы, тисе терекке, тимесе бұтаққа деп лағып кетеді”, – деп жазған олар. 

Балқадиша есімді қолданушы адамның біреуге сынау алдында өзіне қарауы қажет екенін жазған.

“Ләйлә алдымен өзіңе қарап алсаңшы. Ләйлә шоу-бизнесте қалай көтерілді? Біреудің үшінші қатыны болып көтерілді. Біреуді бұлай сынамас бұрын, өзіне қарап алса қайтті”, “Көреалмаушылық деген қиын. Бетінен көрініп тұр ғой”, “Ләйлә ханым өзі бірнеше рет күйеуге шыққан ғой. Неге мұндай сұрақ қойып отыр. Ол түсінуі керек қой”, – деп жазған олар.

Ал Адель есімді қолданушы жұлдызды жұптың сабырлылығына таңғалған.

“Жанель мен Абайдың ұстамдылығы, мәдениеті риза болдым. Ал, өкінішке қарай, Ләйлә Сұлтанқызының тарапынан қойылған кейбір сұрақтар көңілге қаяу түсіреді екен. Адамдардың жеке өмірін қазбалап, өткенін ашып-шашып, рейтинг жинаудың жолы емес қой. Әсіресе, ер азаматының алдында басқа біреудің өткенін қайта-қайта тесу әдепке жатпайды. Соған қарамастан, Жанель мен Абай өз деңгейін түсірмей, сабырмен, сынды да, қысымды да мәдени түрде қабылдап отырды”, – деп жазған ол.  

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты ұлдарының ойын бөліскені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 11 Желтоқсан, 2025 14:55