Лаңкестерді өлтірген ақтөбелік «Жыл полицейі» атанды
Жол-патрульдік қызмет полицейі Аслан Есентаев «Жыл полицейі» номинациясында республикалық байқаудың жеңімпазы атанды, деп хабарлады mgorod.kz.
Ақтөбеде маусым айында болған қанды оқиға кезінде ол постта тұрған, жанындағы қызметкермен бірге атыс болып жатқан жерге баруға бұйрық алады.
«Сол күні нарядта едім. Полиция бөлімінің Елек аумағында қызметте болдық. Түскі ас уақытында «Паллада» қару дүкенін басып алды, қарулы шабуыл жасалды деген хабарлама түсті. Біз рота командирі Балғалиев экипажының құрамында «Паллада» жаққа бет алдық. Сол кезде Краснощеков көшесінің қиылысынан біздің екінші экипаж шықты. Олар «Пантера» дүкенінің жанында атыс болып жатқанын айтты. Біз жаққа қарай оқ атылып жатты. Сол жерде бір қарулы адамды ұстадық. Экипаж құрамындағы серіктестерім Жақсыбаев пен Қалмағамбетов жараланды», – деп есіне алды Есентаев.
Ол атыс кезінде бір эксремиске оқ атқан.
“Атыс болып жатқан жерге барып көлігімді қойғанда, маған қарай қарулы ер адам келе жатыр. Бізге қорғану үшін оқ атуға болғандықтан, осылай жасауға тура келді”, – дейді ол.
Оқиғадан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаев оған грамота тапсырып, сыйақы берді. Бүгін Аслан Есентаевтың Зауыт бөлімінің жеке құрамы құттықтады. Асланның әйелі, 4 жасар баласы бар.
Жіберіп алмаңыз:
Орыс қария жарты ғұмырын Абайды бейнелеуге арнаған (фото)
Жеткіншек соғыста қаза болған досының өтініші бойынша жерлеуіне көйлек киіп келді (фото)
Жүз жасаған егіз әжелер ұзақ өмір сүрудің сырын айтып берді
Алматы түрмесінде трансгендерді көру үшін қызметкерлер мен қылмыскерлер кезекке тұрды