Қызына Абайдың өлеңін үйретіп отырған Мейрамбек тыңдармандарын сүйсінтті (видео)
Желіде Мейрамбек Беспаевтің тұңғышы, жалғыз қызы Кәусарға халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңін үйретіп отырған сәті пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Тоғыз жасар Кәусардың өлең оқудағы тәтті қылығы мен әкесінің оған деген көңілі желі оқырмандарының назарынан тыс қалмады. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттап отырған Мейрамбектің қызы бір жерінде шатасып қалады. «Ойнап босқа күлуге» деудің орнына «Ойнап босқа күлерге» деп айтады. Бастауыш сыныпта оқитын балалары бар ата-аналарға таныс жағдай. Алғашқыда қызының қатесін түзеген әке кейіннен оның бетінен қақпайын деді ме, «дұрыс, дұрыс» деп әрі қарай ана тілі сабағына дайындалуды жалғастырды. Видеоны желіге әнші Гүлнұр Оразымбетова жүктеді.
«Ай жаным, өзі шатасып қалды ғой ботам сол», «Мейрамбек аға, сабақты жақсы оқытады екенсіз», «Текті адамның тектілігі әр ісінен көрініп тұрады», «Мейрамбек аға шаршап отыр», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық ару «Әлем аруы» байқауына арналған видеороликте көпбалалы отбасы туралы айтты (видео)
БАҚ-қа шолу. Әли Оқапов әскерге бару үшін комиссариатқа өтінішпен барған
Қызықты жұмбақ: Кәмшат Жолдыбаева тыңдармандарынан көмек сұрауда (видео)
Бір топ арулар тойларда Жазира Байырбекованың даусымен ән салып жүр (видео)