Соңғы жаңалықтар

Қызықты жұмбақ: Кәмшат Жолдыбаева тыңдармандарынан көмек сұрауда (видео)

Кәмшат Жолдыбаева желіде оқырмандарына қызықты сауал жолдады. Ағасының жасырған жұмбағының жауабын таба алмаса керек-ті, актриса инста-достарынан көмек сұрады.

Видео бойынша, концертке дайындалып жатқан Жолдыбаева уақытты бос өткізбей желідегі оқырмандарына жұмбақ жасырды. Жұмбақтың жауабын таба алмаған Жолдыбаева ұйықтаудан қалғанын айтты.

«Кеше маған ағам айтып берген. Осы жұмбақ үшін мен қасымдағы құрбыммен шай іше алмай қалдым. «Қыз бен жігіт келе жатады, оларды полиция қызметкері тоқтатады. Құжаттарын тексеріп болған соң, жігіттен сұрайды: «Бұл қыз саған кім болып келеді?» деп. Сонда жігіттің жауабы: «Бұл қыздың енесі менің енеме мама болып келеді», – деді Кәмшат.


Жұмбақтар. Бас қатыратын 10 жұмбақ >>>


Желі қолданушыларының ой сан-саққа жүгірді. Олардың ұсынған жауап нұсқалары мынадай: «Атасы мен келіні», «Нағашы жездесі мен жиен келін», «Әкесі мен қызы», «Жай жігіт пен қыз», «Әйелі мен күйеуі». Ал сіз не дейсіз?

 

Талқылау
Пікір
Даулет
28 Ақп, 20 жыл - 16:19

Бажа болады

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр