Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызын ұзатуға дайындалып жүрген Абай Бегей тойға миллиондап ақша жұмсайтынын айтты

Абай Бегей үлкен қызын ұзатуға дайындалып жүр. Алайда жұбайынан ерте айырылып қалған әнші мұндай маңызды кезеңде қызына анасындай сырлас бола алмайтынына өкінетінін жеткізді.

абай бегей кыз узатуга дайын

Бұл туралы Абай Бегей 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

«Ерте үйленгеннің бір жақсысы – ұл-қыздарың ерте ер жетеді екен. Алла бұйырса, жақында үлкен қызымды ұзатайын деп жатырмын. Мен 19 жасымда үйленген кезде келіншегім 17 жаста болды. Үйленіп, қызды болғаннан кейін қызымызды ата-анамыздың қолына ауылға беріп жіберген болатынбыз. 3-сыныпқа дейін ауылда оқыды, біздерге аға деп жүрді. Содан кейін барып біліп кетті», – деп бастады әңгімесін әнші.

Абай Бегей тұңғышының соңынан ерген екі сіңлісіне қамқор болып отырғанын, сондықтан дәл қазір оны жат жерге шығарып салу қиынға соғып тұрғанын жасырмады. Десе де ол Жаратқанның бұйрығына қарсы келгісі келмейтінін айтты.

«Қызымның анасы да жоқ. Қанша дегенмен, ер адам қызымен анасындай сырласа алмайды ғой. Үйде нағашы апасы бар. Солар арқылы үйтіп-бүйтіп хабар құлағыма келді. Бір жағынан, ол қызым қазір керек еді. Екі кішкентай қызыма қарап отырған сол еді. Бірақ Алланың қалауы, өмірдің заңы… Сол себепті жақсы деп келісім бердім. Сөйтіп құдалар келіп, сырға тағып кетті», – деген әнші қазан айына жоспарланған тойға өнердегі әріптестерін түгел шақыратынын айтып қалды.

Бұл ретте «Музарт» тобы, Ақбота Керімбекова, Жанболат пен Жазира сынды өнер жұлдыздарының ұшақ билеттері де алынып қойған екен.

«Дайындық қазір басталып кетті. Шынын айтқанда қыз ұзатқаннан баланы үйлендірген анағұрлым жеңілдеу екен. Қаржылай жағынан да, басқа жағынан да… Мысалыға, қызыңды ұзататын болсаң, артынан алып баратын жүгі, жиҺазы бар, басқасы бар, біраз… Оның бәрін жақында біліп жатырмыз. Ал ұлыңды үйлендіретін болсаң, келінге қалыңмал беріп, мейрамханаға той жасай саласың», – дейді Абай Бегей ағынан жарылып.

Әнші қызының ұзату тойына жұмсалатын қаржыны да шамамен есептеп қойыпты.

“Мейрамхананың өзі 15 мың долларға шығады. Әлі де алынатын заттар бар. Тойға дейін әлі біраз қаржы кетеді. Себебі ырымдар көп, 4 мезгілге киім алу керек. Ол енді шамамен 1 миллионнан асып кетеді. Әлі де көп, оның барлығын айтпай-ақ қояйын. Бірақ қыз ұзатып, ұлдарын үйлендіріп жүрген халық қандай шығын шығатынын біледі”, – дейді Бегей.

Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева отырып қалған қыздарға орынсыз сұрақ қоймауға шақырды

Абай Бегей марқұм келіншегін сағынғанын айтып жұрттың жүрегін ауыртты

Қайрат Нұртас Италияға тойға шақырту алды

Тыңдармандары аула сыпырушысымен құшақтасып суретке түскен Ернар Айдарға риза болды

Талқылау