Қызылордада ер адам туған інісінің 11 жасар қызын зорлаған
Қызылордада облыстық қылмыстық істерді қарайтын соттың үкімімен 43 жастағы мұғалім кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қ.Б. есімді азаматтың ісі жабық түрде қаралған. Оның педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу мүмкіндігін өмір бойына шектеген сот, айыпталушыны 15 жылға соттау туралы жаза кесті.
Сотталушы 2015 жылдың желтоқсан және 2017 жылдың қаңтар айында туған інісінің үйіне келіп, інісінің қызына зорлық көрсету арқылы жыныстық құмарын қандырады. Ал зардап шегуші кішкентай қыз болғандықтан ер адамға қарсылық көрсете алмаған.
Оқи отырыңыз:
Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын
Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді
Жандарбек Бұлғақов: Еркектер серіктес болып босануды көтере алмайды
Талқылау