Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада балабақша қызметкерлері жұмыс орнын тастап басшысының картобын жинауға мәжбүр болған

Қызылордада балабақша қызметкерлерін картоп жинауға мәжбүрлеген. Жаңақорған ауданындағы «Алпамыс» санаторлық балабақшасының қызметкерлері картоп қазуға мәжбүр болған. Ең қызығы, бұл егістік балабақша меңгерушісінің меншігіндегі аумақ екен, деп хабарлайды Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.

«14 және 16 қазан күндері меңгерушінің бұйрығымен егістік алқабында картоп қаздық. Әрине,  бұл жұмысқа жегілгендердің ешқайсысы өз еркімен барған жоқ. Ертеңгі күні қызметінен айырылып қалмау үшін тер төкті. Бұл қаншалықты заңды екендігі белгісіз. Кейбір кісілер жұмыс орнын тастап кетті. Бөбекжайда еңбек етуіміздің орнына егістік басында жұмыс жасадық», – деді «Алпамыс» балабақшасы  қызметкерлерінің бірі.

Өкінішке қарай, балабақша меңгерушісімен тілдесу мүмкін болмады. Бірнеше мәрте ұялы телефонына қоңырау шалсақ та, жауап бермеді. Осы жағдайға байланысты Жаңақорған ауданы кентінің маманан сұхбат алдық.

«Бұл жағдайдан біз хабардармыз. Егістік балабақша меңгерушісінің жеке меншігі деген ақпарат бар. Қазір мәселені егжей-тегжейлі зерттеу үшін аудан әкімінің жанынан арнайы комиссия құрылып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әрине, балалар қараусыз қалмауы тиіс. Егер де картоп қазған қызметкерлер жұмыс орнын тастап, егістікке кеткені белгілі болса, балабақша меңгерушісі жазаға тартылмақ. Арыз аудандық прокуратураға, еңбек саласын бақылау басқармасына түскен. Нақты шешім қабылданатын болады», – дейді Пакизат Әлеусиева.

Тағы да оқыңыз:

Еліміздегі Суретшілер Одағының басшылығына «талас» қызу жүріп жатыр

Шетелдегі бизнесін жасырған қазақстандық министрлердің өтірігі ашылды

Оқушы қызға азғындық жасады деп сотталған қызылордалық мұғалім түрмеден хат жазып жіберді

Талқылау