Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасын пышақтаған қызылордалыққа сот үкімі шықты

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының  30 жастағы азаматына айыптау үкімі жарияланды.

pogudxq2q4q3rjg74.07890efc

Облыстық соттың мәліметінше, 2017 жылдың 30 наурызының таңында сотталушы А. өзінің тұрақты мекенжайы маңындағы дүкеннен 2 шөлмек спирттік ішімдік сатып алып, оны үй ауласындағы гараждар арасында отырып ішкен. Түскі мезгілде үйіне тәлтіректей оралған ол анасымен жанжалдасып қалады. Арақтан көзі тұманданған ол анасына қол жұмсап, артынша бірнеше рет пышақтайды.  Алған дене жарақаттары салдарынан анасы қайтыс  болған.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы А.  ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын ерекше қатаң режімдегі түрмеде өтеуі белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсететін 16 сауна жабылды

Павлодарда дүлей дауылдан жаңа үйдің шатыры ұшып, көліктер зақымданған

Қарағандыда пірәндік жеген 2 жасар баланың тамағына әйнек сынығы түсіп кеткен

Оралда лаңкестік шабуыл жасауды көздеген 8 адам сотталды

Талқылау