Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада  әкімдік зағип жандарға Тәуелсіздік күніне орай ескі, істемейтін телефон үлестірген (фото)

Қызылордалық жарымжан жандар Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қатты алдандық деп ашынады. Көзі көрмейтін кісілерге тарту етілген арнайы көмекші құралдары яғни смартфондар жарамсыз болып шыққан.

Бұл туралы Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі хабарлады.

Бір телефон бұрын пайдаланған болса, ал енді бірінде арнайы бағдарлама жазылмаған. Ал, қосымша құрылғыларын тіпті пайдалану мүмкін емес екен.

Еліміздің басты мерекесінде сыйлық алып, қуанышы қойнына сыймаған меүгедектердің бірі – Қызылорда қаласының тұрғыны Серікбол Амиров.

І топ мүгедегіне күнделікті қозғалып, қарапайым телефонды пайдалану қиынға соғады. Сол себепті арнайы сала мамандары көзі көрмейтін кісілерге арналған құрылғыны тарту еткенде бұл әбігерден құтыламын деп сеніпті.

Бірақ азаматтың бүгінде әкімдік қызметкерлеріне өкпесі қара қазандай.

«Бұл жағдайға не дерімді білмеймін. Бұл деген нағыз алдау ғой. Көзі көрмесе не болса соны сыйлай беруге болады деген сөз бе? Бұлай қорлағанға шыдай алар емеспін. Ең болмаса, Тәуелсіздік мерекесінде сапалы дүние сыйлауға болады емес пе. Маған ескі телефонды беріпті. Бір күні бұлар ақыры көзі көрмейді деп қолымызға тәпішке қыстырып жібермесе болар еді.», – деп ашынды қала тұрғыны

Негізінен талап бойынша көзі көрмейтін кісілерге берілетін телефонның өзіндік ерекшелігі болуы керек.

Яғни, дыбыс арқылы пайдаланушы қандай операияны жүзеге асырып отырғанын ести алуы қажет.

Сондай – ақ арнайы бағдарлама орнатылуы тиіс. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көпшілігі Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне сыйлықтарын қайтарып беріп үлгерген.

Ал, мұндағылар болса өздеріне шаң жуытар емес.

«Біз негізінен 86 адамға осындай ұялы телефонды таратуымыз керек болатын. Бірақ тек 20 адамға ғана беріп үлгерген едік. Біз тек таратушымыз. Бізге бұл смартфондар облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан келіп түсті.

Келгенде бір – екі телефонды қосып көргенбіз. Істеп тұрды. Бірақ кейіннен қайтарып әкеліп берушілер көбейді. Расымен құрылғылардың кепілдеме уақыты мен тиісті құжаттары болмай шыққы.

Тауарды облыстағы басқарманың мамандары толықтай тексеріп алған болатын. Оларға мемлекеттік сатып алудан жеңімпаз атанған мекеме жеткізіп берді», – дейді Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Қайрат Алтынбаев.

Бұл жағдай қазіргі таңда көпшілікті толғандырып отыр. Ал, мерекеде онсызда тағдырдың тауқыметін көріп отырған кісілерді алдамақ болған мемлекеттік тапсырыс орындаушы мекеменің аты әзірге белгісіз.


Тәуелсіздік туралы үздік 10 өлең

Талқылау