Қызылордада 4 жасар баланы ұрған балабақша тәрбиешісі елді дүрліктірді (видео)
Желіде шамамен 3-4 жасар баланы жұлқылап, артынша басынан шапалақпен бір-ақ ұрған балабақша тәрбиешісінің видеосы пайда болды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бейнежазбаны жүктеген автор оқиғаның Қызылорда өңірінде болғанын жазған. Айтуынша, баланы ұрып-соққан тәрбиешіні күйеуі тастап кеткен. Ашулы әйел жазасын алыпты.
“Жақында болған жағдай екен. Сол жердегі басқа тəрбиеші түсіріпті. Ал кішкентай ұл ауылдан көшіп келген жағдайы төмен отбасының ұлы дейді. Басынан шарт еткізген кезде анау балақайдың көзінің оты жарқ ете қалған шығар. Миы дыңылдап кеткен шығар Құдай біледі. Алалап тұр ғой сонда мына қатын. Байдың не болмаса байшыкештің баласы болса олай істемес еді деп жатыр конференцияда. Балабақшаларда осындай жағдайлар болып тұрады деп айтсам түсінбейсіздер ғой, “30-баланы қарау оңай емес, олар да шаршайды, жүйкелері темірден жаратылмаған” деп. Жүйкесі жұқа болса, құрылыста істесін! Не бар оған педагог болып?” – дейді ашынған автор.
Жіберіп алмаңыз:
Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады
Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты
Алматы облысында қару кезенген ұрының өзіне тап берген сатушы қызға ноутбук сыйлады
Діни қызметкерлер ас беру кезінде жайылатын дастарханның мәзірін бекітті