Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құжатым жоқ, мектепке бара алмаймын": Желіде Жетісайдағы базарда жұмыс істеп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Жетісай қаласында жұмыс істеп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

TikTok желісінде жарияланған видеодан кішкентай баланың арбамен ауыр заттарды сүйреп бара жатқанын көруге болады. Видео авторы баланы тоқтатып, не істеп жүрген сұрайды. Бала әкесімен бірге тұратынын, өзі 7 жаста екенін, өзінен кішкентай бауыры бар екенін, құжаты болмағандықтан мектепке бара алмайтынын айтады. Сондай-ақ видеоның сипаттамасында баланың анасы жоқ екені жазылған.

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті аталмыш видеоға қатысты пікір білдірді. Комитет видеодағы баланың Түркістан облысының Жетісай қаласында тұратынын растады. 

Сондай-ақ комитет желідегі видеодан кейін екі баланың да уақытша тұру үшін мамандандырылған мекемеге орналастырылғанын хабарлады.

"Осы жағдайды реттеу үшін мемлекеттік орган бекіткен алгоритмге сәйкес арнайы топ жұмылдырылғанын хабарлаймыз. 7 жасар бала мен оның бауыры қауіпсіздікте. Қазіргі уақытта құзырлы органдар балалардың денсаулығын тексеріп, құжаттарын және барлық құқықтарын қалпына келтіру мәселелерімен айналысуда", – делінген хабарламада.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың анасының тірі екенін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыстың балаларға қатысты қылмыс саны бойынша көш бастап тұрғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді. 

@bota770_ #рек #рекомендации #жетісай #fyp #р_е_к_о_м_и_н_д_а_ц_и_и #рек #врек #rek #рекомендации #CapCut #жетісайқаласы #жетісай ♬ оригинальный звук - Botakan
Талқылау