Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызғаныштан кастрациялаған: Іс құжаттары прокуратураға жіберілді

Полиция қызметкерлері Астанадағы жыныс мүшесі кесілген адамға қатысты істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаменті хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Алдын ала тергеу материалдары Қылмыстық іс жүргізу кодексінің «Айыптау актісі мен қылмыстық істі прокурорға жолдау» 300-бабына сәйкес прокуратураға жіберілді», – деп хабарлады ІІД.

Айта кетейік, қаңтар айының соңында желіде елорадалық әйел қызғаныштан жігітінің жыныс мүшесін кесіп тастады деген ақпарат тарап кетті. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде сот шешімі мен әйелдердің фотосуреттері де жарияланған болатын. Кейінірек сот қызметкерлерінің бұл ақпаратты таратпағаны белгілі болды.

Сонымен қатар, желіде кастрацияланды деген жәбірленушінің денесінің фотосуреті жарияланды. Алайда денсаулық сақтау басқармасы кастрацияға байланысты іске қатысы жоқ екенін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да 7 жасар баланы зорлады деген оқушылармен психологтар жұмыс істеп жатыр

Ақтөбеде жас ананың қайтыс болуына дәрігерлер кінәлі болып шықты

Ер адам 23 жастағы қызды 80 мың теңгеге сексуалды құлдыққа берген

Өскемендіктер дүкеннен “ертеңгі” күннің сүтін сатып алған

 

 

 

Талқылау