Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз боп киініп сұлулық байқауына қатысқан алматылық жігіт неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндірді

Шымкенттің ең сұлу қызы жігіт боп шықты! 22 жастағы Илай Дягилев республикалық сұлулар байқауында финалға өтіп, күллі елді шалқасынан түсірді. Сайысқа Арина Әлиеваны боп қатысқан ұлды ұйымдастырушылар да, тіпті оған жабылып дауыс берген шымкенттіктер де білмей қалған. Керісінше, талай жігіт құлай ғашық боп, сезімін білдіріпті. Ал бет бояудың көмегімен сұлулық байқауының тас-талқанын шығарған жігіт «көпшілікке сабақ болсын» деп осы әрекетке бардым дейді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазақстан аруы атана жаздаған, міне, осы жігіт. Илай Дягилев бетін әрлеп, жасанды шаш киіп байқауға әдейі қатысыпты. Ал оған түркі болған қыздардың өздері екен. Бойжеткендердің өз сұлулығын ысырып қойып, бетіне бес қабат бояу жағып жүруі жігіттің әбден жанына батқан.

«Қазіргі біздің қыздар дүкенге шығарда олар бояна бастайды. Олар бояусыз шықпайды ешқайда. Біз ұмыта бастаймыз олардың сұлулылығын қандай олар болады өмірде. Менің пікірімше, табиғи әдемілілігін көрсету керек», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Илай Дягилев.

Осылайша, табиғи әдемілілікті аңсаған жігіт “Miss Virtual Kazakhstan” байқауынан бір-ақ шыққан. Ал сайысқа ол Шымкент қаласының қызы Арина Әлиева боп қатысқан. «Жерлестері» үш мың қыздың ішінен таңдап, оған дауыс беріпті. Сайыстың өзі әлеуметтік желіде өткендіктен, оның болмысын ешкім байқамаған. Керісінше, жігіттер шетінен құлай ғашық боп, «маған тұрмысқа шық» деген 400-ден астам хат жолдаған екен.

«Көп адам оған жазды «мен сені сүйемін», «о, сен кереметсің» деп. Әрине, біздің еліміз осындай қыздарды таңдағаны өте өкінішті», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Илай Дягилев.

Шымкент аруы атанған Илай финалға жолдама алған. Оның «өтірігі» осы кезде ашылып қалды. Өйткені, ұйымдастырушылар құжатын сұратқан. Байқауларының сұлулық емес, боянғандардың бәйгесі боп шыққанын білген бойда жігітті шығарып жіберіп, титулды басқа қызға бере салды.

Осылайша, Илай сұлулық байқауының нағыз сұрқын көрсетті. Осы оқиғадан соң оған талай қыз-келіншек реніштерін жеткізіпті. Десе де, ару атағын оп-оңай жеңіп алған жігіт бетінде бір бояуы жоқ «Қыз Жібектердің» образы қайта айналып келсе дейді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін алматылық жігіт әйел кейпінде сұлулық байқауының финалынан өткен соң жігіт екенін мойындаған еді.

Оқи отырыңыз:

БҚО-да өрт сөндіруші тауып алған ақша толы әмиянды иесіне қайтарды

Павлодарда қайтыс болған кадет оқушысының туыстары баланы біреулердің қорқытқанын айтты

ОҚО тұрғындары автокөлік сатып алудан көш бастап тұр

Талқылау