Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құтырған сиырдың биі": Жұрт жұлқынып билеген Ділнәз Ахмадиеваны сынап тастады (видео)

Жұрт жұлқынып билеген Ділнәз Ахмадиеваны сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құтырған сиыр сияқты: Жұрт жұлқынып билеген Ділнәз Ахмадиеваны сынап тастады (видео)

Танымал әнші желідегі парақшасында "Медеу" мұз айдынының алдында билеген бейнежазбасын жүктеген. Құрбыларымен кездесіп, көңіл күйі көтерілген ол жанын салып, білетін би қимылдарын жасаған. Осылайша Ділнәз Ахмадиева көңіл-күйін байқатып, бақытты екенін жеткізді.

"Көңіл-күйім күшті. Құрбыларыммен қайтадан кездескен кезде", - деп жазба қалдырған ол.

Алайда, өнер иесінің тыңдармандары оның қылығын ерсі деп бағалады. Жұлқынып билеген Ділнәз Ахмадиеваға жұрт әртүрлі теңеу айтып, сынның асына алған. 

"Құтырған сиырдың биі", "Ділнәз ханым, мұсылман емессіз бе?", "Жабайылық", "Тарбаң, тарбаң етіп", "Көшенің ортасында жыныңды қағып жатырсың ба?", "Қырыққа келіп, қылық шығарды", "Жаман билейсің", "Жұмыс жаса оданда", "Жараспайды", - деп пікір білдірді жұрт. 

Талқылау