Қытайлық науқас тамақ жейтін таяқшамен үш адамды өлтірді
Психологиялық ауруға шалдыққан қытайлық тамақ жейтін таяқшамен клиникаға ем қабылдауға келген үш адамға шабуыл жасаған.
Бұл туралы Shanghai Daily хабарлайды.
Қытайлықтың қаһарына тап болған тағы бір адам жарақат алған.
Ян Шитоу есімді адам ақпан айының соңында мамандандырылған емдеу мекемесіне орналастырылған екен.
Ол медициналық қызметкерлер жоқ кезде палатада өзімен бірге жатқан ем қабылдаушыларға тұра ұмтылған. Аурухана қызметкерлерінің түсіндіруінше, Шитоу кереуетке байланып тасталған белдіктен ажырап кеткен. Одан соң сөреде тұрған тамақ жейтін таяқшаны алып, ұйықтап жатқан көршілеріне қарай оңды-солды жұмсайды.
Жүйке ауруына ұшыраған қытайлықты санитарлар әзер тоқтатады. Ол полиция қызметкерлеріне берілді.
Оқи отырыңыз:
Қырғызстан президенті өзінің мұрагері туралы айтып берді
Желі қолданушылары қаңғыбас пен оның иті үшін бір күннің ішінде 12 500 АҚШ долларын жинап берді
Ата-анасы сәбиін өлтірген қылмыскерді кешіріп қана қоймай оны қажылыққа аттандырған
Мәскеу тұрғыны Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
