Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам заңды әйелінің қарызынан құтылу үшін некесіз туған ұлын сатты

Қытайлық кәсіпкер көңілдесінен туған ұлын сатып, заңды әйелінің қарыздарынан құтылмақ болды.

1475648915_kak-ne-perebivat-vzroslyh

34 жастағы тегі Чэнь азамат 2012 жылы заңды некедегі әйелінен ұл сүйді. Бұл отбасы ауқатты тұрады. Кейіннен ер адам өзіне көңілдес тауып, 2014 жылы тағы да ұлды болады. Біраз уақыттан соң ол қарызға белшеден батып, көптеген дүкенін жабуға мәжбүр болады. Тіпті, қиындықтан не істерін білмей көңілдесінен туған ұлын асырай алмағандықтан оны сатпақ болады. Бірақ анасы олай етуден бас тартады.

2016 жылы қазан айында азаматтың некедегі әйелі қарыздан қалай құтыларын білмей өзіне қол салмақ болады. Сол кезде күйеуі ғаламтор арқылы ұлын 6,5 мың долларға сатылымға қояды. Осы ақшаның 3,5 мың долларын әйеліне беріп, қалғанын өзіне қалдырады.

Кейіннен полицейлер сатылған баланы анасына қайтарады. Ал, әкесі сот алдында жауап берді. Ол некесіз туылған баласынан гөрі некелі жарынан сүйген баласын жақсы көретінін айтқан. Оның қандай жаза алғаны хабарланған жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Тампон қолданған бойжеткен аяғынан айырылды (фото)

Атырауда жаңа туған сәбиді 5 мың долларға сатпақ болған медбике ұсталды

Өгей ана туғаныңдай бола ма?

Талқылау