Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда мыңдаған көрермен алдында қылмыскерлер жаппай өлім жазасына кесілді (видео)

Қытайдың Луфэн алаңында 10 адам ел алдында өлім жазасына кесілді. Қылмыскерлерге қатысты үкім мыңдаған көрермен алдында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қылмыскерлердің өлім жазасына кесілгенін көруге мыңдаған жергілікті тұрғын келген. Олар алдын ала әлеуметтік желі арқылы шақырылған екен. Қылмыскерлерді бір-бірлеп алаңға алып шығып, үкім жарияланып, сол жерде өлтірілген. Қылмыскерлердің жетеуі есірткі саудасы үшін, қалған үшеуі ұрлық пен кісі өлімі үшін өлім жазасына кесілді.

Хабарланғандай, көрермендер алаңда болып жатқан сұмдық жайтқа қалыпты жағдай ретінде қараған. Тіпті, қылмыскерлерді біртіндеп алаңға алып шыққан кезде, айқайлап, қошемет білдірген.

Бұл жыл басынан бері Қытайда өтіп отырған ел алдындағы үшінші өлім жазасы. Жергілікті билік мәліметінше, олардың басты мақсаты – адамдарды қылмыс жасаудан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Айта кетсек, елде өлім жазасының екі түрі қарастырылған. Олардың бірі инъекция арқылы өлтіру болса, екіншісі – ату жазасы.

Оқи отырыңыз:

Еліміздегі беделді «OrdaFM» радиосы Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады

Экс-депутаттың зорлығына ұшырадым деген ШҚО тұрғыны халықтан көмек сұрады (видео)

Меруерт Түсіпбаева қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғали Төреәліні сынап тастады

Мейрамбек Бесбаев: Керемет әкемін деп айта алмаймын

Өз концертіне келген қарияны қуып шыққан Төреғали Төреәлі елді шулатқан видеоға қатысты жауап берді

Талқылау