Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда миына шеге кіріп кеткен адам тірі қалды

Хубэй провинциясының тұрғыны құрылыс жұмыстары кезінде құлап, оның миына бес сантиметр тереңдікке дейін шеге кіріп кеткен.

8585

Бұл туралы China News Service агенттігі хабарлайды.

Оқиға 12 сәуір күні Ичан қалалық округінде болған. Алғашқыда ер адам жергілікті ауруханаға жеткізіліп, артынша Ичан қаласындағы мамандардың қарауына жіберілген.

Ауруханадағы нейрохирургиялық бөлімнің меңгерушісі Чжао Дунганның айтуынша ұзындығы 8 см болатын шеге емделушінің миының 5 см бөлігіне дейін еніп кетіпті. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген кезде ол комада болған.

Бірақ, шеге мидағы маңызды тамырларды зақымдамағандықтан оны алып шығу мүмкін болған. Процедураның қиын болғаны соншалық дәрігерлер шегені сүйек бөлігімен бірге суырып алуға мәжбүр болады. Бұл бірінші кезекте емделушінің қауіпсіздігі үшін жасалған. Осылайша екі сағатқа созылған операция сәтті өтеді.

Қазіргі таңда ер адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайға не себеп болғаны нақтылап анықталу үстінде.

Оқи отырыңыз:

Қосымша жезөкшелікпен айналысқан тележүргізушіні жұмысынан қуды (фото)

АҚШ-та әуе компаниясы қызметкерлері емделушісіне асыққан дәрігерді ұрып, ұшақтан түсіріп тастады (фото,видео)

Әйгерім есімді бойжеткен Франция астанасында қазақ мәдени орталығын ашқан (фото)

Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған

Талқылау