Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда есірткімен ұсталған Ақжарқынның ісі қайта қаралатын күн белгілі болды

ҚР азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты бірінші сатыдағы соттың жаңа отырысы 2016 жылы 2 қарашада ҚХР Гуандун провинциясы, Гуанчжоу қаласында өтеді.

акжаркын турлыбай456

«Сот отырысы 2 қарашаға белгіленді. Оған қыздың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов пен ҚХР-дағы ҚР Елшілігі консулдық бөлімінің өкілдері қатысады. Ақжарқынның анасы бұл жолы келе алмайды», – деді ҚХР-дағы ҚР Елшілігі консулдық бөлімінің басшысы Болат Сырлыбаев, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы етті.

Жіберіп алмаңыз: 

Араб азаматымен көңіл қосқан қазақ қызы туған балаларына жете алмай зар жылауда

Ақтөбеде жұп бағдаршамда тұрып жыныстық қатынасқа түскен

Желіде Хэллоуин мерекесіне орай ұлттық киім киген қазақстандықтар үшін жанжал туды

Алматыдағы атыстан қаза тапқан полицейдің отбасына тиісті көмек берілмеген

Талқылау