Қытайда 12 жыл мылқаудың рөлін ойнаған қылмыскер сөйлеу қабілетінен айырылды
Қытайда 12 жыл мылқаудың рөлінде жүріп, сөйлеуді ұмытып қалған қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
Ол 2005 жылы 500 юань (25 500 теңге) үшін ағасының әйелін өлтірді. Жазадан құтылу үшін ауылынан қашып кеткен. Басқа ауылға барып, құрылыста жұмыс істеп, есімін өзгерткен. Кейін ол үйленіп, балалы болған. Қылмыс ашылып қалмау үшін мылқау болып жүрді.
Ер адамның жеке куәлігі болмағандықтан полиция оны тексерді. Тексеру нәтижесінде оның ДНҚ және ата-анасының бейнелері 12 жыл бұрын жоғалған қылмыскердікімен ұқсас болып шықты. Ол қылмысын мойындады.
Оның қағазға жазған түсініктемесінде ұзақ жыл бойы сөйлемегендіктен сөйлеу қабілетінен айырылғанын айтқан. Қылмысын абайсызда айтып қоймау үшін сөйлемеуді шешкен.
Оқи отрыңыз:
Қырғыз тележүргізушісі жаңа жылдық кешке нацистің киімін киіп, басы дауға қалды
Әйелше киінген жігіт марқұм анасының атынан несие алмақшы болды
Ерекше ген: Италияда ауру атаулыны сезбейтін отбасы пайда болды
Мектепте босанған мұғалім баланы сөмкеге жасырамын деп өлтіріп алды