Қытай журналистері Ақтөбеде Димаш туралы фильм түсіріп жатыр
Димаш Құдайбергенов пен Hunan TV арнасының түсірілім тобының Қазақстанға не себепті келгені белгілі болды.
Бұл туралы “Мой город” басылымы хабарлайды.
Бүгін әнші елге оралды. БАҚ-тың хабарлауынша, оны әкім Бердібек Сапарбаев күтіп алған. Ал Светлана Айтбаева өз кезегінде бірнеше күн Ақтөбеде болатынын айтып жатыр.
“Осы уақыт ішінде олар біздің отбасымыз туралы фильм түсіріп үлгерулері тиіс. Түсірілім жұмыстары Димаш оқыған мектеп пен колледжден басталмақ. Мұнымен қатар, қытайлықтар ұлым таэквондомен айналысқан спорт мектебіне ат басын бұрмақ”, – дейді Светлана Айтбаева.
Журналистер Димаштың ат мінгенін де фильмге кірістірмек. Бұған оны Қытайдағы жанкүйерлерінің “Қазақтың қанаты” деп атап кетуі себепші болған екен.
Жіберіп алмаңыз:
Димашты Астанада қарсы алған жанкүйер көп болмады
Қайрат Нұртас Лара Фабианның әнін пианиномен орындады (видео)
Қайрат Нұртас барар жеріне тез жету үшін 500 мыңға тікұшақ жалдайды
Әкешім, сені сағындым! Айсәуленің әкесі туралы жазбасы көптің көзіне жас келтірді