Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкешім, сені сағындым! Айсәуленің әкесі туралы жазбасы көптің көзіне жас келтірді

Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаев туралы алғаш рет пікір білдірді. Ол әкесін жақсы көретінін және оны қатты сағынып жүргенін жеткізді. Айсәуле әкесін отан қорғаушылар күнімен құттықтап, оны үйге қайтару үшін барын салатынын мәлімдеді.

pINX_S-MDBk

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Сені жақсы көремін, әкешім, және қатты-қатты сағындым! Сен менің ең негізгі қорғаушымсың. Сені мерекеңмен құттықтаймын! Біз барлығымыз қателесеміз, тіпті, кейде кешірілместей ағаттық жібереміз, алайда бастысы оны түсініп, істеген ісіңе өкініп, әрі қарай өмір сүруге күш табу. Біз барлығын жеңеміз, сен қазіргі өмір сүріп жатқан жағдайға лайық емессің, әділдік салтанат құруы тиіс. Меніңше, судьялар елді шулатқан іске қатысты көп жыл беру арқылы халыққа бірдеңені дәлелдеуге тырысуды доғарулары керек. Барлығының түкіргені бар, халық ұмытады, ал біз жоқ, біздің жанымыз ауырады. Сен үшін әрқашан күресетін боламын, сені жылы әрі салтанатты үйіңе,  асыға күтіп отырған балаларыңа қайтару үшін қолымнан келгенін жасаймын. Бәрі жақсы болады”, – деп жазады Айсәуле.

айса айару бакытбек

Оның бұл жазбасы көптің талқысына түсті. Небәрі бірнеше сағаттың ішінде 1000-нан аса желі қолданушысы оған пікір қалдырды.

Көпшілік Айсәуленің тілегінің орындалауын тіледі. Желі оқырмандары жазбаны оқи отырып көздеріне жас алғандарын жеткізді. Ендігілер бұл іске Айсәуленің анасын кінәлады.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы: Маған қалай өмір сүру керектігін үйретпеңіздер

Қарақат елге танымал әннің мәтінін бұзып айтқаны үшін сыналды (видео)

Төреғалидің “хит” әндерін жазып берген ақын Қайрат Нұртасқа ән сыйлады

“Қазақ аруы” байқауына алғаш рет орыс қызы қатысады

Талқылау