Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда сотталған 14 қазақстандық азамат елге қайтарылды

Қытайда сотталған 14 қазақстандық азамат елге оралды. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170403130751

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов 30-31 наурыз күндері Қытайға іс-сапармен барып, сол елдің Әділет министрі Чжан Цзюнмен заң саласындағы мемлекеттік қызметтерді ұсынудың ашықтығы және қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады. Кездесуде Жақып Асанов ҚХР-да сотталып, айыбын өтеп жатқан 9 қазақстандық азаматтың жағдайын айтты.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметтерінше, осы жылдың 14 наурызы күні Қытайдан үш отандасымыз елге  жазасын одан ары өтеу үшін жеткізілген.

«2017 жылдың 22 ақпанында Қытайдың әділет министрлігі ҚР Бас прокуратурасының аталған мәселеге қатысты қолдау хатын қанағаттандырған болатын. Азамат К. мен Р. құны 3,5 млн. доллардан асатын Амур киігінің 719 дана мүйізін контрабандалағаны үшін қытай соты тағайындаған жазаларын өтеген. Үшінші азамат та Қытайға жалпы құны 115 мың АҚШ долларын құрайтын аю терісін, 35 дана аю табанын  және 13,71 келі кордицепсті (дәстүрлі қытай медицинасында қолданылатын сирек кездесетін саңырауқұлақ түрі) контрабандалық жолмен тасымалдаған», – делінген ақпаратта.

Ведомство ақпаратында қытай сотының үкімі Қазақстан аумағында да мойындалатындығы және ұлттық заңнамамызға сәйкес жүзеге асырылатындығы аталған.

«Біздің азаматтарымызға жаза мерзімін одан ары отанында өтеуге мүмкіндік берді. Атап өтерлігі, қытайлық әріптестермен іс-қимылдың жолға қойылуының арқасында  ҚХР-мен сотталғандарды өзара беру туралы шарт күшіне (30.09.2015) енген сәттен бері 14 қазақстандық елге қайтарылды. Бүгінгі күні қытай түрмелерінде тағы 9 қазақстандық жазасын өтеуде. Аталған тұлғалардың 10-нан 100 мың юаньға дейін төленбеген айыппұлдары бар. осыған байланысты оларды Қазақстанға ауыстырудан бас тартылған. Қазіргі уақытта олардың тек үшеуі ғана айыппұлдарын төлеп, бас тарту шешімі қайта қаралуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», – деді Бас прокуратура баспасөз қызметінен.

Жіберіп алмаңыз:

Шахандағы көпқабатты үйдің жарылысына кінәлі делінген от жағушының өлі денесі табылды

Мемлекеттік кірістер комитетінің үш қызметкері жол апатынан көз жұмды

Білім министрлігі оқу жылының қысқартылуына қатысты жауап берді

Талқылау