Қытай Қазақстанға туристік жолдамалар шығарды
Қытай Қазақстанға туристік турлар жіберді, деп хабарлайды қытайлық интернет ақпарат орталығы.
Сурет: www.votpusk.ru
«Сенбі күні қытайлық туристер үшін Қазақстанға алғашқы тур ұйымдастырылды. China National Travel Service (HK) Group корпорациясының ұйымдастыруымен 55 турист Үрімшіден Астанаға ұшып келді», – делінген хабарламада.
Қазақстанға туристік жолдама жіберу туризм саласындағы қытай-қазақ әріптестігінің нәтижесінде іске асырылып отыр.
Аймақтық үкіметтің төрағасы Синьцзян Ши Даганның айтуынша, мұндай турлар екі ел арасындағы туризм саласының дамуына, Ұлы жібек жолының экономикалық белбеуін құруға септігін тигізеді.
Талқылау