Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай Димаш Құдайбергеновке «Тәңір өзі назарына алған әнші» деп баға берді (фото)

Аспан асты елінің сыншылары ерекше дарынды қазақ баласын жоғары бағалап, оған «Тәңір өзі назарына алған әнші» деп баға берді, деп хабарлайды Stan.kz.

димаш танір оз

Әншінің ата-анасы, жұлдызды жұп Қанат пен Света Айтбаевтардың желідегі парақшасында келтірілген мәліметке сүйенсек, Димаш жалғыз шетелдік азамат ретінде Қытайдың әлемге танымал 6 жұлдызымен (күллі әлемдік стадиондар мен ареналарды жинап жүрген) бақ сынасады.

Screenshot_11

«Бұл жас әншілердің жарысы емес. Әбден қалыптасқан, өнер әлемінде аса танымал, жүздеген миллион көрермендері бар қытайдың жарық жұлдыздары қатысатын кәсіпқойлар додасы. Біздің бала – ең жасы. Бұл бұрынғы байқаулардан мүлдем бөлек. Осы мәреге дейін жету үшін, сіздерге беймәлім, үлкен еңбек, үлкен дайындық болды. Қытайда әлем бойынша жүздеген адамдар ішінен тандау жасалды. Мұнда қатысудын өзі үлкен жеңіс, өйткені, 2 млрд xалыққа Димашты, Димаш арқылы Қазақты танытатын үлкен мүмкіндік. Стиль, имидж, бағыт-бағдар бәрі жаңаша! 2017 жылдан бастап Димаш жаңа қадамға, әлемге қазақ атын таныту баспалдағына қадам басты», – делінген Айтбаевтардың ресми парақшасында.

Айтпақшы, Қытай басылымдары қазақтың Димашы туралы жарыса жазып жатқан көрінеді. Тіпті, жоба мамандары мен қатысушылары оған «Тәңір өзі назарына алған жас әнші, ондай дауыс менде де болса деп армандаудың қажеті жоқ, ол оған Құдайдың берген сыйы» деп бағасын берген.

Screenshot_12

Еске сала кетейік, «Дайдидау» әнімен көптің жүрегін жаулаған Димаш бүгінде Қытайдағы «I am singer» жобасына қатысып жатыр. Жоба нәтижесі ертең 21 қаңтар күні белгілі болады. Ал қазақстандықтар оны келесі күні YouTube желісінен тамашалай алады.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергенов Қытайдың «Түнгі студия» бағдарламасына қатысты (фото)

Баян Есентаева: Небәрі жарты сағаттың ішінде барлық тісімнен айырылдым

Мөлдір Әуелбекова: Мейрамбек ағаға ғашық көзбен қарауға қиналдым

Әнуар Нұрпейісов Қазақстанда белең алған «шала қазақ» ұғымына қарсы шықты (видео)

Бүркіт пен Айша отбасылық демалысты қалай өткізу керектігін көрсетті (фото, видео)

Талқылау