Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: Мейрамбек ағаға ғашық көзбен қарауға қиналдым

Мөлдір Әуелбекова “Ғашық жүрек” фильмінде өзіне ыңғайыссыздық тудырған көріністер туралы айтып берді.

13

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Музарт” тобы құрылған кезде Мөлдір Әуелбекова 15 жаста болған екен. Әнші бүгін де аталған топтың әндерін қалдырмай тыңдайтынын айтып жатыр.

“Ол кезде қазіргідей концерттер көп бола бермейтін. Теледидардан көргеннің өзінде аузымыз ашылып, әндерін жаттап алатынбыз. Ауылда өзімнің ағам бар. Кішкентайымыздан бірге өскенбіз. Мені сыңарым деп біледі. Сол кісі екеуіміз гитарамен “Музарт” тобының әндерін айтатынбыз. Осы кісілердің әндерімен сусындап өстік. Яғни 15 жасымнан бастап тыңдадым. Бұл кісілердің альбомдары менде бар. Көлікте кетіп бара жатқан кезде тыңдаймын. “Мөлдіреген жанарың” деп айтылатын әндері маған арналғандай болып тұрады”, – дейді ол.

Мұнымен қатар, Мөлдір Әуелбекова “Ғашық жүрек” фильмінде Мейрамбек Беспаевпен бірге қыз-жігіт рөлін сомдауға қиналғанын тілге тиек етті. Мұны әншіні тек ағасы ретінде қабылдай алатындығымен байланыстырды.

“Кино әлемі дегеннің өзі қызық дүние ғой. Одан бері алты жыл уақыт өтіп кетіпті. Көптеген қызық болды. Түсірілім кезінде мен үшін ыңғайыссыз кездер болды. Әбден “аға, аға” деп өстім. Ал кинода Мөлдір мен Мейрамбектің арасында қыз бен жігіттің арасындағы махаббат сезімі болды. Сол жері маған ыңғайыссыздау болды. Текпешекпен жүгіріп бара жатқанымда Мейрамбек аға “Мөлдір, тоқташы” деп айқайлайды. Мен ол тепкешекпен жүгіріп түсіп бара жатып күлкім келеді. Ол жерде үлкейтіп көрсетпеген соң аса білінбейді. Негізі мен ол жерде күліп жүріп бара жатырмын. Ал ағамыздың актерлік шеберлігіне сөз жоқ қой. Үшеуі де қалжыңды жақсы айтады”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Небәрі жарты сағаттың ішінде барлық тісімнен айырылдым

Жұрт “Ninety one” әнін домбырамен орындаған жігітті Мейрамбек Беспаевқа ұқсатты (видео)

Дастан Оразбеков іштегі жанайқайынан қалай арылатынын айтты (фото)

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Талқылау