Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай билігі Құдайға сенген азаматтарды қатаң жазалайтындарын мәлімдеді

Қытай коммунистік партия мүшелеріне діни сенімнен бас тарту туралы бұйрық келіп түскен.

20170315_zaf_x99_188

Бұл туралы Global Times хабарлайды.

“Партия мүшелері діни сенім ұстанбауы тиіс, бұл барлық партияластар үшін қызыл сызық. Олар маркстік-атеистік сенімде болып, партия ережесіне бағынып, оның идеологиясын жаңғыртуы тиіс. Діннен құндылық іздеуге тыйым салынады”, – деп жазады ҚХР дін істері жөніндегі мемлекеттік басқарманың директоры Ван Цзаоань.

Оның сөзінше, діни сенімдегі партия мүшелері енді көзқарастарынан бас тартуы керек, ал құлақ аспағандарды қатаң жаза күтіп тұр. Ванның сөзінше, дінді мемлекет өзінің қатаң бақылауында ұстайды.

Қытай – ресми түрде атеистік мемлекет, алайда қарапайым азаматтардың діни сенім еркіндігі бар. 2016 жылғы мәлімет бойынша, Қытайдың коммунистік партиясы құрамында 88,7 миллион адам бар.

Оқи отырыңыз:

Ер адам жазықсыз өлім жазасына кесіліп 46 жылдан соң түрмеден ақталып шықты (фото)

Таңғы асқа 20 жұмыртқа, 8 нан: Жер бетіндегі ең ұзын адам жайлы не білесіз? (фото)

Қытай елі туралы таңғалдырарлық деректер жиынтығы (фото)

Бетінде татуировкасы бар 19 жастағы жігіт жұмыс таппай қиналып жүр (фото)

Талқылау