AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылтайда халықтың үні шын мәнінде естілуі керек – Тоқаев

Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатынына кәміл сенетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

"Құрылтайға Парламент депутаттары, саяси партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де шақырылды. Үкіметтік емес және кәсіби ұйымдардың өкілдері де шет қалған жоқ. Құрылтай құрамына өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелерін қостық. Мен Ұлттық құрылтай атына заты сай болып, ел үмітін ақтайды деп сенемін. Бізде түрлі пікірталас алаңдары бар, бірақ құрылтайдың орны бір бөлек. Құрылтай –  кең ауқымды жиын. Бірақ бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Осы орайда Президент отырыстарды дұрыс ұйымдастыру керек екенін қадап айтты.

"Бұл жерде халықтың үні шын мәнінде естілуі тиіс. Кез келген адамды құрылтайға қатыстыруға болмайды. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жеткізетін азаматтар бас қосуы керек. Бұл ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатына кәміл сенемін", – деді Мемлекет басшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр