Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құрылыс алаңындағы бұталардың арасынан тапқан": Нұр-Сұлтанда жоғалған баланы полицейлер түнімен іздеді

Нұр-Сұлтан полицейлері жоғалған 9 жасар баланы құрылыс алаңында бұталардың арасынан тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

6 шілде күні сағат 00.00-де полицияға жергілікті тұрғын шағым түсірді. Ол кешкі сағат 20.30 шамасында 9 жасар ұлының велосипедпен серуендеуге шығып, қайта оралмағанын хабарлады. 

Полицейлер еріктілермен бірігіп, баланы шұғыл іздеуге кірісті. Барлық достары мен туыстарынан сұүрастырып, маңайдағы аумақтарды тексерді. Ақырында бала таңғы сағат 07.00 шамасында құрылыс алаңынан, бұталардың арасынан табылды. 



Бала кешкі уақытта "Көктал-2"-де өтетін концертке барып, түн ішінде қайтар жолды таба алмаған. Адасып кеткен соң, далада түнеймін деп шешкен. 

Бала ата-анасына табысталды, жағдайы жақсы. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 07 Шілде, 2022 15:10
Талқылау