Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Cұлтанда субұрқақтарға шомылған балалар жаппай вирус жұқтырып жатыр

Елордада жол бойындағы субұрқақтарға шомылған балалар жаппай вирус жұқтырып жатыр. Екі апта ішінде індеттің таралуы екі жарым есеге көбейген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Осыдан кейін судан сынама алған санитар мамандар қаланың  ортасындағы субұрқақтың бірінен қауіпті індеттің қоздырғышын тапқан. Бірақ сол маңды тазартатын жұмысшылар болса бұлай болу мүмкін емес деп таң болуда. Себебі, күніге бір рет залалсыздандырып отырамыз деп ақталды.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда 453 адам энтеровируспен ауырыпты. Олардың барлығы дерлік бала. Бұл вирус күн ыстықта, ылғалды жерде тез таралады. Індет жұқтырған бүлдіршіндер су бұрқақта шомылған. Кейін тексеру жүргізген вирусологтардың өздері көше бойындағы фонтандардың ластығынан шошып отыр.

Елордадағы Абай мен Жеңіс даңғылдарының қиылысындағы субұрқақтан энтеровирус қоздырғыштарын тапқан. Сарыарқа ауданы әкімдігі алдындағы, "Жастар" театры аумағындағы және "Өмір ағашы" су бұрқақтары да қауіпті дейді.

“Әртүрлі субұрқақтарға түсіруден аулақ болыңыздар. Себебі, ондай субұрқақтарға қаңғыбас  иттер, түрлі құстар шомылып, су ішеді. Олар барлығымызға белгілі вирус тасымалдаушылар. Және де ауа райының ыстығына байланысты суда микро организмдер тез тарайды”, –дейді Нұр-Сұлтан қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Аяжан Қалқабекова.

Ал субұрқақтардың тазалығымен айналысатын мамандар күніне субұрқақтарды залалсыздандырып отыратындарын айтады. 

“Біз суға химиялық реагентерді қосамыз. Ол – хлор, альгицид. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Қоспалардан кейбір адамдарда аллергия болу мүмкін. Бірақ күн ыстықта субұрқақта балалар көп болады. Барлық жерде шомылуға болмайтыны туралы ескерту тақтайшалар орнатылған. Айпұл саламыз деп те ескертеміз”, – дейді Владимир Назаров.

Дегенмен, мамандар балаларды көше бойындағы мұндай жерлерде шомылмақ түгілі, қол-аяғын суға батырмасын деп отыр.  Ал індет жұқтырған баланың қызуы көтеріліп, тамағы мен мұрны бітіп, терісінде дақ пайда болады екен. Оны емдеу кем дегенде он күнге созылады.

Талқылау