Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз зообағынан қашқан қасқырды атып тастады (видео)

Қырғызстанның Қаракөл хайуанаттар әлемінен қасқыр қашып кеткен. Оны атуға тура келді, деп хабарлайды зообақтың директоры Салтанат Сейітова.

d05e877f0fbda743c0962c135a0096fc_resize_w_520_h_

Оның сөздерінше, 9 мамырда, Жеңіс күні мерекесінде хайуанаттар әлеміне келушілер өте көп болған. Жұмысқа зообақтың 12 қызметкері шыққан. Келушілерге қауіпсіздік ережесі ескертілген. Бірақ кейбіреулері ережені бұзып, қасқыр мекендейтін торды кесіп кеткен. Нәтижесінде 9 мамырда таңертең қасқыр қашып кеткен.

«Қасқырды зообақтан алыс емес жерден тауып алдық. Оны тірідей ұстауға мүмкін болмады. Сол себептен оны атуға тура келді. Біз үшін өте өкінетін жағдай, бірақ жыртқыш аңның бостандығы адамдарға қауіпті болғандықтан, осылай шешім қабылдауға тура келді», – дейді Салтанат Сейітова.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде кәсіпкер 10 жасар қызға сыйға тартқан пәтерге талас басталды

Қайрат Рысқұлбековті өлер алдында соңғы рет көрген түрме қызметкерінің әңгімесі

Талдықорғанда аулада ішімдік ішіп отырған ер адам кенеттен көз жұмды (видео)

Талқылау