Қырғыз мүфтиі: біз қаламасақ та, теріс діни ағымдағылар көбейе береді
Қырғызстанның бас мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтамысовтың айтуынша, жат ағымдағылар ақиқат жолына түспейінше, олардың қатары арта береді.
Қырғыз мүфтиі Орталық Азия елдерінде діни сауаттылық төмен екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik.
“Орталық Азияда діни сауаттылық төмен екенімен келісемін. Өйткені посткеңестік уақытқа дейін мүмкіндікер өте аз болды. 25-26 жыл деген тым аз уақыт. Дегенмен де, Аллаға шүкір, қазір еркіндік бар, діни сенім еркіндігі қамтамасыз етілген. Сондықтан мемлекеттің дін саласындағы саясатын қолдай отырып, дәстүрлі исламды үйретуіміз керек. Қазір білесіздер, қауіп жан-жақтан төніп тұр. Ал бұрынғы замандарда бізде конфессияаралық, ұлтаралық алауыздық деген болған емес. Өйткені біздің ата-бабаларымыз білімді, адамгершілігі мол, ары таза жандар болған. Сондықтан терроризмнің алдын алу үшін Орта Азия елдері бір-бірімен тәжірибе алмасып, бұл бағытта жұмыс істеуі керек”, — дейді мүфти журналистерге берген сұхбатында.
Тоқтамысов азаматтардың теріс ағым жетегінде кетуіне білімсіздік себеп болып отырғанын айтты.
“Азаматтар дінді дұрыс түсінбей, адасып жатады. Сондықтан біздің мақсатымыз оларға дұрыс білім беру. Қазір интернетте теріс ақпараттар қаптап жүр, діни сауаты төмен азаматтар соған сеніп, теріс ағым жетегінде кетіп қалады”, — деді ол.
Бас мүфти Қырғызстандағы діни ахуалға тоқталды.
“2014 жылы 400-ге жуық азамат Қырғызстаннан Сирияға соғысуға кетіп қалды. Осыдан кейін біз 2015 жылы терроризм мен экстремизмге қарсы жастар, имамдар мен студенттер арасында 818 іс-шара өткіздік. Ал блтыр алты мыңға жуық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Менің ойымша, табыс пен жеңіс – насихат жұмыстарында жатыр. Бүгінде нәтиже жаман емес. Біздің құқық қорғау органдары соңғы кездері террористік ұйымдарға қосылу үшін елден кеткендер саны едәуір азайғанын айтуда. Әрине, бірлі-жарым адасып жүргендер де бар, олармен тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз”. – деді мүфти.
Оның айтуынша, адасып жүргендер тура жолға түспейінше, олардың саны еш азаймайды.
“Біз қаламасақ та, егер теріс діни ағымдағылар ақиқат жолына түспейінше, олардың қатары көбейе береді”, — деп түйіндеді сөзін ол.
Тағы да оқыңыз:
Маңғыстау облысындағы жол апатынан 7 адам тірідей өртеніп кетті (видео)
Алматыда жас жігіт троллейбустағы жолаушыларға шайтансыңдар деп айқайлап, намаз оқуға шақырды
Атырауда салмағы небәрі 25 келі болатын 28 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады