Құрбысы мен күйеуі зорлаған: Оқиғаға қатысты Алматы полициясы түсініктеме берді

Алматы полиция департаментінің бастығы зорлыққа қатысы бар деп күдіктелген ерлі-зайыптылардың мәселесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрі: Зорлық қылмысы үшін қатаң жаза беру керек

Генерал-майор Қанат Тимерденовтың айтуынша, күдікті тергеу изоляторына алынды.

"Қылмыс жасалғаннан кейін күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына отырғыздық. Сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір барлық сараптамалар тағайындалды", - деді ол.

"Әйелге келетін болсақ, біріншіден, олар дос болған. Бірге ішімдік ішкен. Бұрын олар Өзбекстанда тұрған, кандас болып шықты. Ұсталған адам да Өзбекстан азаматы. Біз ешкімді қылмыстық жауапкершіліктен жалтартпаймыз. Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде. Біз видеоматериалдарды зерттеп жатырмыз, жедел қызметкерлеріміз жұмыс істейді. Соңында біз қосымша ақпарат береміз", - деп қосты Тимерденов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының тұрғынын құрбысы мен оның күйеуі зорлаған деген ақпарат тараған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр