Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соншама сорлы болатындай ел емес едік": Тоқтар Серіков ұлт жағдайын айтып көзіне жас алды

Танымал әнші Тоқтар Серіков қазақ елінің қазіргі жағдайы қатты алаңдататынын, кейбір оқиғаларға жүрегі ауыратынын айтып көзіне жас алды. Ұлт болашағы үшін құрбандыққа шалынуға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеп. 

Тоқтар СеріковӘнші қазақ қыздарының өзге ұлтқа жар болуы, тілімізге деген құрметтің азаюы, өзге ұлттардың жерімізде "өкім" жүргізіп отыру сынды мәселелер өзін қатты толғандыратынын айтады. 

"Біздің қорқақ болып бара жатқанымызға таңқаламын. Кейде көріп тұрған нәрсеге жете алмайтындығымыз, басқа бір ұлттың өкілі кеп бізге өкім айтып жатқанда басымыз сүмірейтіп қарап тұратынымыз, өзі тілімізде сөйлей алмайтындығымыз, біздің қарындастарымыздың кім көрінгенге жем боп, ит боп таланып жатқанын көргенде үндей алмайтындығымыз неден?! Соншама не ұстап тұр бізді?! Соншама сорлы болатындай ел емес едік қой біз. Соншама байлап, тұқыртып ұстап отырған не нәрсе бізді?! Осыған миым жетпей қойды", - деген әнші осы мәселелерді ойлағаннан делдал болып, жынданатынын айтып қалды.

"Мүмкін қол жинап шығып қырқысу керек шығар деп те ойлаймын. Қолға алып жасағым да келеді. Бірақ ақымақтық. Ойынан от шығарып аламын ба деп қорқамын. Көп нәрсені ойлануымыз керек. Кейде бір ақылсымақ данышпандар бар. Шығып алып халыққа ақыл айтып сабырға шақырған азаматтар бар. Солар біздің елде не болып жатқанын жүрегі сезіп, көзі көріп тұр. Соның бәрін көріп өтірік дана болып, өтірік батыр болатынына жүрегім ауырады. Бәрін бірлікке шақырамын. Заңға бағынайық, бірақ заң бізді баса бермесін", - деп ойын сабақтады Серіков.

"Кеудемде шаң-тозаңның салмағындай жасандылық болатын болса, Алла мені екі дүниеде де кешірмесін. Өз ұлтымды, елімді жақсы көремін. Егер "ұлттың тағдыры саған байланысты, сені құрбандыққа шалсақ, бүкілі жақсарады десе, дайынмын. Қол-аяғымды байламай-ақ қойсын. Егер шын мәнінде Алладан жарлық келсе, мен дайынмын", - деп ойын қорытты әнші.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тараз тұрғыны бақылау-өткізу пунктінен жібермеген полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Ер адам полиция қызметкерінің қойылған талаптармен келіспейтінін білдіріп, оны боқтаған

Бөртпе және конъюнктивит COVID-19 белгілерінің бірі болуы мүмкін - Денсаулық сақтау министрлігі жаңа хаттамасы

COVID-19 үшін жаңа клиникалық хаттамалар бекітілді

Мұнай бағасы 40 пайызға өсті

Шамамен жарты сағат бұрын Brent маркалы мұнай бағасы 40 пайызға көтерілді

Қазақстандықтарға 42 500 теңге туралы SMS келе бастады

Миллионнан астам қазақстандықтар жәрдемақыны белсенді түрде алады

Коронавирустың өсуі баяулауда - Ерлан Қарин

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік режимнің күшеюі өз нәтижесін беруде

Түркістан облысында жаңа тіркелген науқастар - коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар

Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген

Қазақстанда ел бюджетінің тапшылығын алдын алу үшін 3 триллион теңге қарызға алу жоспарланыпты

Вице-министр: Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 трлн теңге қарыз алу қажет

Мүгедектігі бар 75 жастағы алматылық қария үйінде жалғыз қалып, азық-түлік алуға сыртқа шыға алмай отыр

Зейнеткер: Полиция көріп қалса, ұрысып шыға келеді

Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойды

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Алматы обысында нанды қаптамасыз сатқан кәсіпкер айыппұл арқалады

Азаматқа 26 510 көлемінде айыппұл тағайындады
Çàãðóçêà...